«Критикалық ойлау негіздері» оқу құралының тұсаукесері өтті.
Бүгін Астана қаласында «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының «Критикалық ойлау» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, білім беру саласы, сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Критикалық ойлау негіздері» оқу құралының тұсаукесері өтті.
Бүгін Астана қаласында «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының «Критикалық ойлау» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, білім беру саласы, сараптамалық қоғамдасты өкілдерінің қатысуымен «Критикалық ойлау негіздері» оқу құралының тұсаукесері өтті.
Қозғалыс белсенділері Әйгерім Қоржымбаева мен Ғабит Бекахметовтың бұл еңбегі – қазақстандық қоғамның жалпы өркениетін дамытуға азғантай болса да, маңыздылығы еш кем емес, өз үлестерін қосуға деген ұмтылысы. Оқу құралының ерекшелігі қарапайым, түсінікті тілмен баяндалуында және онда күнделікті өмірімізден мысалдар келтіріліп, критикалық ойлауды үйрету бойынша халықаралық озық тәжірибе де ескерілген.
Іс-шара барысында кітап таралымының бір бөлігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына салтанатты түрде табыс етіліп, бірнеше кітап даналары қатысушыларға таратылды.
Сонымен қатар "Критикалық ойлау негіздері" кітабының толық электронды нұсқасымен де таныса аласыздар.