Жаңалықтар
Белгілі меценат Азаматхан Әміртай "Зияткер ұрпақ" жобасында.
Бүгін, 22 қазан күні Қазақстан софтуерлік компаниялар қауымдастығының президенті, белгілі меценат, қоғам қайраткері Азаматхан Әміртай Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданына қарасты Жақсылық және Көкдөнен ауылдарының оқушылармен кездесті. Жоғарғы сынып оқушыларымен болған әңгіме ең алдымен "Мамандықты дұрыс таңдау" төңірегінде өрбіді. Себебі мамандық - адамның өмірлік кәсібі, таңдауы. Онымен қателесуге болмайды. Грант осы мамандықта көп екен деп, көзді жұмып тапсыра салуға тағы болмас. Бүгінде өзі қаламаған, сүймеген мамандыққа түсіп, 4 жыл оқып, ол бағытпен істегісі келмейтін жұмыссыз жастар көп, оның арасында заңгерлер мен экономистер аз емес екенін айтып өткен меценат оқушыларды олардың қатарына тап болмай, қалаған кәсібіңді кем дегенде 9 сыныптан анықтап, грантқа түсу үшін жақсы дайындалу қажет екенін айтты. Сондай-ақ таңдаған мамандығыңның тиімдігілі, жұмысқа орналасу, карьералық өсу мүмкіндігі, материалдық пайдасы жайлы толық ақпарат алуды басты назарға алу керектігін айтты.
Көтерген келесі тақырыбы кәсіпкерлікпен айналысу жайы болды. Тәжірибенің жоқтығынан қорықпай, өз қабілетің мен ішкі түйсігіңе сеніп, жеке ісіңді бастауға болатынын айтты. Кәсіпкерліктің өзіне мәлім қыр-сырымен бөлісіп, түрлі жолдардың басын ашып берді.
Дәрісін қорытындылай келе, заман ағымынан қалып қоймай, ана тіліңмен қатар басқа да тілдерді меңгеруге және білімді кеңейтуден жалықпауға шақырды.
Сонымен қатар шахмат ұйымдарына жанашыр ретінде танылып жүрген Азаматхан Әміртай Жақсылық ауылының мектебіне 10 шахмат тақтасын сыйға тартты. Ал Көкдөнен ауылында жеткіншектер тәрбиесіне ықпал ететін игілікті істі жолға салып, шахмат үйірмесін ашатын болды. Ал үйірменің қаржылық жүгін өзі көтеретін болып, тағы бір мәрте зор мәрттік танытты.
22.10.2014 0 пікір