Жаңалықтар
«Зияткер ұрпақ» жобасы аясында Арнұр Ысқақов мектепте кездесу өткізді.
«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері Арнұр Ысқақов Астана қаласындағы 65 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Арнұр Ысқақов - мүгедектер құқын қорғау жөніндегі қоғам белсендісі, жастар мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының «Жас отан» жастар қанатында жұмыс істеді, Мүгедектер құқын қорғау жөніндегі «кедергісіз келешек» жобасының кураторы.
Арнұр Ысқақов жеткіншектерге мемлекет және мемлекетшілдік тақырыбында дәріс өткізіп, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін баулудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, оқушыларға өзінің өмірлік ұстанымдары мен еліміздегі әлеуметтік әлжуаз топтарының құқын қорғаудың кейбір мәселелері туралы айтып берді.
20.10.2014 0 пікір