Азаматтық сектор қоғамға/мемлекетке қалай көмек бере алады?
2015 жылдың 3 желтоқсанында Сарапшылық клубының кезекті отырысында «Азаматтық сектор қоғамға/мемлекетке қалай көмек бере алады?» тақырыбында талқылау өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырған азаматтық сектордың қоғамға және мемлекетке қандай көмек көрсете алатыны жөнінде Сарапшылық клубтың соңғы отырысына келесі спикерлер шақырылды:
- Василий Валерьевич Порубаймех, ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің, тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс Комитеті төрағасының орынбасары
- Ирина Бобкова, "Тандау" Қоғамдық Фондының директоры
Сарапшылық клубтың қатысушылары ретінде, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің өкілдері, «Нұр-Отан» партиясының саяси менеджмент мектебінің өкілдері, Астана қаласының ішкі саясат басқармасының өкілдері болды.
Сарапшылық клубтың мақсаты – азаматтық қауымдастық өкілдеріне, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының жұмыс атқару деңгейін көтеру, экономикалық дағдарыс жағдайында, әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарын анықтау мүмкіндігін беру. Еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер жайлы қоғамды ақпараттандыру және көпшілік саясат кеңістігін кеңейту.
Отырыс барысында, Сарапшылық клуб қатысушылары, «Азаматтық қоғамсыз мемлекеттік тиімділік мүмкін бе?», «Бүгінгі таңда, азаматтық қоғам институты қажет па, қажет болса, кімге?», «Азаматтық қоғам мемлекет дамуының күрделі, құрылымдық проблемаларына әсер ете ала ма?», «Жақын арада, мемлекет даму барысында болатын өзгерістерге байланысты, азаматтық қоғамның күн тәртібінде қандай мәселе басым болу керек?», «Біз, яғни, азаматтық сектор, биылғы жылды қалай өткіздік?» деген сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Мұндай шараларды өткізу қажеттілігі мен көкейкестілігі мемлекеттік ведомстволардың коммуникативтік жұмысын жетілдіру, олардың халықпен өзара қатынасы мен жұмысын нығайту әдістерін үздіксіз іздеуден туындап отыр. Бар әлемге тараған экономикалық дағдарыс жағдайында, мемлекеттің оған бейімделуіне, еліміздің әр азаматы өз үлесін қосуға парыз.
Осыған байланысты, Сарапшылық клуб, азаматтық қауымдастық өкілдеріне, әлеуметті проблемаларды талқылап, талдап оның шешу жолдарын іздестіру мүкіндігін ұсынды.