"Қарияларым-қазынам"
Қарияларым қазынам! Қарияларға арнап қайырымдылық шарасы өткізілді. Оған Елорданың жүзге жуық тұрғыны қатысты. Астаналық кәсіпкерлер қарияларға арнап қайырымдылық шарасын өткізді. Елорданың жүзге жуық егде жастағы тұрғындарына қаланың мәдени көрнекі жерлерін аралатып, мерекелік дастархан жайды. Ән-шашумен әрленген отырыс сыйлықсыз болмады. Тілшіміз тарқатады.
Ұстаздар мерекесімен тұспа тұс келген қариялар күнінде Астана қалалық физика - математикалық мектеп қабырғасында қайырымдылық шарасы өтті. "Қарияларым-қазынам" атты бұл акция елордалық жас кәсіпкерлер Шынар Болсамбекова, Кирилл Кириченко мен мәслихат депутаты Саят Батпеновтің мұрындық болуымен өтті.
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қозғалысымыз «25 игі іс» бастамасын бастады. Біз бүгін қарттарға арналған шара ұйымдастырдық. Ол кісілерге қаланы аралатып, жаңа нысандармен таныстырдық. Соның ішінде жаңадан ашылған республикалық физика-математикалық мектебі де бар. 100-ге тарта қарттарды шақырдық. Олардың көбі ұстаздар. Енді бүгін 2 мереке қатар келіп тұр» - Астана қаласы мәслихатының депутаты Саят Батпенов.
Жиылған қарияларға білім ордасы оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Көңілдері бір желпінген зейнеткерлер алғысын айтып, ағынан жарылды.
«Жақсы қыз жағаңдағы құндызың, жақсы ұл аспандағы жұлдызың» дейді. Міне сол жұлдызбенен құндыздардың арасында шал-кемпірлер дем алып, бүгінгі үлкендердің күні болғасын, міне қандай құрмет көрсетіп жатыр. Жастарға көптен-көп рахмет айтқым келеді» - дейді зейнеткер Бердібай Жолдыбаев.
Шара ұлттық қор жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысының бірлескен "25 игі іс" жобасы аясында өтті. Аталмыш жоба ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған.
«Жоба мақсаты қозғалыстың белсенді мүшелерінің игі бастамалары арқылы тұрғындарды қайырымдылыққа үгіттеу, насихаттау. "25 игі іс" жобасы өткен аптада басталды. Фейсбук желісі арқылы Эстафета ретінде жүреді» - қозғалыс мүшесі, кәсіпкер Шынар Болсамбекова.
Алайда жоба тек 25 игі іспен ғана шектеліп қалмайды. Ұйымдастырушылар әлеуметтік желі арқылы эстафетаға мейлінше көп адамды тартамыз деп сенеді.