«Мәңгілік Ел» патриоттық Актісі
2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «KZ-2050» Жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігіне Президент Аппаратымен, Үкіметпен және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отыра «Мәңгілік Ел» патриоттық Актісін әзірлеуді тапсырды.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «KZ-2050» Жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігіне Президент Аппаратымен, Үкіметпен және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отыра «Мәңгілік Ел» патриоттық Актісін әзірлеуді тапсырды.
Қозғалыс үшін «Мәңгілік Ел» - бұл Қазақстанның әлемдік саяси картада тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде мәңгі өмір сүру идеясы, еліміздің тұрақты дамуын, сондай-ақ әр азаматтың жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет құндылықтар, оларды сақтау мен насихаттау идеясы.
«Мәңгілік Ел» патриоттық Актісіне енгізу үшін қажет ұсыныстар мен ой-пікірлер жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында ашық талқылау-кездесулер өткізілді. Қозғалыс елшілері Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларының өкілдерімен танысып, тыңдап, әңгімелесуге мүмкіндік алды.