Қалалық ортаны зерттеу
Бұл жоба Қазақстан қалаларындағы өмір сүру сапасын кешенді зерттеп, жалпының назарына ұсынуды көздеп отыр. Қазақстан қалаларының дамуын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан бағалау тәжірибеден өткен, дайын зерттеу әдістерін байқап көру емес, бұл уақыт талабы.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
Болжамдарға сүйенсек, 2050 жылға қарай жаһандық урбандалу үрдісі артып, қала тұрғындарының үлесі бүкіл Қазақстан халқының 70 пайызын құрамақшы екен, ал бүгінде бұл көрсеткіш 55 пайызды құрап отыр. Қалалық жерлерді дамыту бойынша ағымдық шараларды жүзеге асыру барысында, сол жерлерде тұратын халықтың өмір сүру жағдайының өзгеруін бағалау мен өзара салыстыру жұмыстары, сәйкесінше, қатар жүргізілуі тиіс. Қалалық жерлердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу басты проблемаларды уақытында анықтауға және қалалардың орташа, ұзақмерзімді даму стратегияларына түзету жасауға, сондай-ақ қалада өмір сүру ортасын дұрыс ұйымдастырған қалаларды анықтауға мүмкіндік берді.
Рейтинг аясында қамтылуы тиіс қалалар саны олардан келіп түсетін ақпаратқа (статистикалық және ашық ақпарат көздерінен) байланысты. Әйтсе де, зерттеу, ең алдымен, Қазақстанның 46 қаласын қамтыды. Бұл қатарға халқының саны 50 000-нан жоғары қалалар мен 2012 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасында қамтылған моноқалалар кірді.