I-Azamat
Жоба мақсаты:
Жобаның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетулердің тиімділігіне баға беруде тұрғындардың сын сүзгісінен өткен өзіндік көзқарасын қалыптастыру және сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету/әлеуметтік бағдарламалар мәселесін шешу үшін қажет ақпараттармен азаматтарды қамтамасыз ету.
Міндеті:
- мемлекеттік қызметтерді ұсыну саясатын жетілдірудегі өзекті мәселелерді талқылау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жекелеген аспектілерге қатысты ортақ пікір мен талап етілетін өзгерістерді анықтау;
- пікірталасты қорытындылау, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар дайындау.
Күтілетін нәтиже:
- тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету туралы сауаттылығын арттыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету саясатын жетілдірудегі өзекті сұрақтарды талқылау;
- пікірталасты қорытындылау, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар дайындау.
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға бұдан әрі де қатысатын белсенді азаматтар тобын құру.Жобаның 2015 жыл бойынша қорытындысы:
- “I-AZAMAT”«Мемлекеттік қызмет көрсету: азаматтық қоғам мониторингі арқылы сапаға қол жеткізу» тренингіне 34 адам қатысты. Олардың қатарында ҮЕҰ-ның, мемлекеттік компаниялардың өкілдері, яғни азаматтық қоғамның белсенді мүшелері болды. Қорытындыланып, ұсыным жасалды.2016 жылы жоба аясында Қозғалыс Астана қаласының Азаматтық кеңесімен бірлесе отыра екі дөңгелек үстел өткізді. Олар мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жайында болып, уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен өтті. Қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдар негізінде қарар әзірлеп, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы оны әрі қарай қарастыру үшін атқарушы органдарға жіберді.
Бірінші дөңгелек үстел 2016 жылдың 25 ақпанында өтті. Тақырыбы: «Жарақат алғанннан кейінгі оңалту: мүгедектік немесе денсаулық».