Астанадағы #Talks2050 спикері Азаматхан Әміртай
Белгілі меценат Азаматхан Әміртай астананың даму келешегі туралы өз ойымен бөлісті
2050 жыл. Астана. Түс мезгілі. Мен жел энергиясымен қуат алатын ғимаратта орналасқан офисімнен шығып, электромобильге отырып, іскерлік кездесуге бара жатырмын.
Терезеден қалаға тамсана көз тастап, таза ауаны рахаттана жұтып келем. Бұған таң қалмаймын. Себебі қаладағы барлық көлік құралдары әлдеқашан электр тоғымен жүретін болған... Болашақ Астанамды мен осылай елестетемін - экологиялық таза, білім мен іскерліктің қаласы.