БАҚ біз туралы
«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы ұлт зиялыларын ұрпаққа үлгі етеді.
«Зияткер ұрпақ» жоба аясында өмірде жетістікке жеткен танымал тұлғаларды жеткіншектермен жүздестіріп дәріс өткізуде. Тың бастама аясында бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбыраймов та туған ауылына барып, тәжірбиесімен бөлісті. Еткен еңбегі еліне ем бом дарыған Ермахан Ыбырайымов жастарға саламатты өмірді өз өміріңде өрнектеуді өсиеттеді. Шыққан биігінің сырын айтып, шәкірттердің танып білмекке деген құштарлығын оятты. Бұл ретте оқушылар үшін бастысы оқуда озат болу керектігін еш естен шығармауға кеңес берді. Болмаса дипломы бола, бор кемік болып шыққанның пайдасы шамалы дейді. Оралымды ой айтылған отырыста түрлі сауал қойылып пікір алмасты. «Зияткер ұрпақ» жобасының басты мақсаты да сол, жастар болашағын айқындауда мұндай басқосулар бағдар болу. Бұл дәрісте айтылған ой жастар естуі тиіс ақыл үні болды. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы «Зияткер ұрпақ» жобасы желтоқсанға дейін жалғаспақ. Үш айда 300-ге жуық танымал адамдар өзі туып өскен елінде осындай дәріс өткізбек. Қазірдің өзінде 50-ге жуық адам ауылдық мектептерге барып үлгерді. Жоба жетекшілері түрлі саладағы жұлдыздардың жастармен жүзбе-жүз жүздессе өсиеті өтімді болатынына сенімді. Абайша айтқанда «болмаса да» ұқсап бақсын деген ниет бұл.
Сілтеме: www.31.kz
10.10.2014 0 пікір