БАҚ біз туралы
Астанада «Азаматтық қоғам балалар құқығын қорғайды» атты шарасы өтті.
Елімізде жетімдердің саны 34 мыңға жеткен. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын 1500 сәби балалар үйіне тапсырылып, аналық мейірімнен айырылады екен. Елордада «Азаматтық қоғам балалар құқығын қорғайды» деп айдар таққан жиында қоғамдық тыңдаулар өтіп, отбасылық құндылықтар насихатталды. Жиынға «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенділері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты. Келелі кеңесте бас қосқан мамандар: «Біздің басты мақсатымыз - жетімді желеп-жебеп, мұндай жағымсыз жайттардың жолын кесу», - дейді. Бұл тұрғыда әлемнің үздік тәжірибелері ескеріліп, құтты шаңырақ құру үшін 7 бағытқа басымдық берілмек. Үйдің сәні сәбимен кіретінін ескерген ұйым өкілдері мерейлі отбасын құру үшін жүйелі жұмыстар жүргізуге әзір.
Қанат Әуесбай, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры: - Осы қоғамдық тыңдаулардың нәтижесінде жалпыұлттық қозғалыс атынан біз ҚР Үкіметіне 7 ұсынымды әзірлеп отырмыз. Бұл 7 ұсынымның барлығы еліміздің отбасы қатынастарын дамытуға бағытталған жалпыұлттық шаралардың жоспарларына енгізілуі мүмкін. Түбінде осы 7 ұсыным енгізілетін болса, елімізде бірде-бір жетім бала қалмауы керек. Біздің ұмтылысымыз бен ниетіміз осыған жетелейді.
Сілтеме: www.24.kz
16.10.2014 0 пікір