Басты
Біз туралы
Жобалар
Қозғалыс мүшесі болу
БАҚ біз туралы
Жаңалықтар
Кері байланыс
Авторизация
Парольді қалпына келтіру
қаз
рус
Іздеу
Іздеу

    БАҚ біз туралы 

    Кері қайту
    Келесі бет

    Жетімдерді асырап алу жүйесі өзгертілуі мүмкін.


    Жетім балаларды асырап алу жүйесін реформалау керек. Астанада бүгін бір топ қоғам белсенділері осындай ұсыныс жасап, арнайы жиын өткізді.

    Ол үшін ең алдымен әлеуметтік қызмет көрсететін арнайы топ құру қажет. Сөйтіп, мамандар жағдайы нашар жанұяларды аралап қиын-қыстау кезінде қолдау білдіреді. Ата-аналарды тұрмыстық кедергілерге бола мойымауға, баласынан безінбеуге үгіттейді. Бұл халықаралық деңгейде дәлелденген тәжірибе екен. Яғни, отбасыларға материалдық қана емес, психологиялық қолдау көрсеткен жағдайда еліміздегі жетімдердің санын 45 пайызға дейін қысқартуға болады, - дейді белсенділер. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер тастанды балаларды асырап алған отбасыларға да тұрақты түрде бас сұғып, үнемі назарда ұстауы тиіс. Бірақ, әзірге мұндай әлеуметтік қызмет Қазақстанда көрсетілмейді. Сондықтан қоғам белсенділері осы сынды бірқатар ұсыныстарын қағазға түсіріп, Үкіметке жолдады.

    Қанат Әуесбай, «Қазақстан- 2050» жалпыұлттық қозғалысының медиа-директоры:

    - Осы қоғамдық тыңдаулардың нәтижесінде біз жалпыұлттық қозғалыс атынан ҚР Үкіметіне жеті ұсыным әзірлеп отырмыз. Бұл жеті ұсынымның барлығы жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларға психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік қамтылуына мониторринг жүргізуді көздейді. 


    http://www.ktk.kz/kz/news/video/2014/10/15/21400


    Сілтеме: www.ktk.kz 

    16.10.2014 0 пікір

    пікірлер


    Өз комментарийіңізді қалдыру үшін авторизация жасаңыз!