БАҚ біз туралы
Онлайн-конференцияның тақырыбы :«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының бір жылдағы жұмыс қорытындысы»
17 қазанда сағат 16.00-де BNews.kz порталының студиясында «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұминнің қатысуымен «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының бір жылдағы жұмыс қорытындысы» тақырыбында онлайн-конференция өтті.
-
Жүргізуші - Бір жылға жуық уақыт бұрын елімізде «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы құрылды. Бұл әртүрлі өңірлер мен әртүрлі әлеуметтік топтардағы адамдарға «Қазақстан – 2050» қозғалысының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған нақты жобаларды талқылауға, әзірлеуге және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін - желілік қоғамдық ұйым, ақпараттық-коммуникациялық тұғырнама. Қозғалыстың философиясы – сезіну, ойлау және әрекет ету. Ел болашағы үшін жауапкершілікті сезіну, келешекті ойлау және еліміз игілігі үшін әрекет ету. Бүгін BNews.kz студиясында әңгіме аталмыш бұқаралық ұйым турасында өрбитін болады. Бізде қонақта «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жумин. Сәлеметсіз бе!
-
- Сәлеметсіздер ме!
-
Жүргізуші - Данат, студиямызда көргеніме қуаныштымын. Жалпыұлттық қозғалысқа қатысты әлдебір қызықты мәліметтер туралы сөз қозғамас бұрын, соңғы кезде сапармен қай жерлерде болғаныңыз өте қызықты болып тұр. Себебі қарап отырсам, Еуропаны бағындырған сияқтысыз? Сіз әртүрлі елдерде болдыңыз. Бұл қызметіңізбен байланысты ма?
-
- «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысындағы жұмысым – бұл менің азаматтық жауапкершілігім, бірақ ақшаны мен басқа қызметте табамын. Мен бизнеспен айналысамын. Әртүрлі өңірлерде боламын. Жуырда жобамыз аясында Қостанайға ат басын тіредім. Бизнес бойынша Еуропаға сапарлаймын. Дұрыс айтасыз, Францияда болып қайттым. Француз әріптестерімізбен бірге жобаларымызды дамыту турасында ойластырдық.
-
Жүргізуші - Біздің жалпыұлттық қозғалыс жөнінде айтып бердіңіз бе?
-
- «Бұл қандай жаңа бастамалар?», - деп сұрауда. Мен түсіндіріп, айтып бердім. Адамдар ұйымға қызығушылықтарын білдіруде. Менің еуропалық және америкалық достарым мұның керемет екендігін айтуда. Мен: «Неге?», - десем, оларда мұндай ештеңенің жоқтығын алға тартады. «Біз таяу келешектермен өмір сүрудеміз, ал 10, 15, 20 жылдан кейін не болатынынан болжамдар жоқ». Және біздің елде болып жатқан үрдістер оларды рухтандыруда.
-
Жүргізуші - Айтып отырған Францияда бизнестерінен бөлек, қоғамдық жүктемені арқалап жүрген таныстарыңыз бар ма? Спортпен және қандай да бір қайырымдылық шаралармен айналысып жүргендерін емес, нақты жалпымемлекеттік саяси қозғалыстар туралы айтсақ.
-
- Білесіз бе, әрқайсысы өзіне ұнайтын іспен шұғылдануда. Егер «Қазақстан – 2050» қозғалысы туралы айтар болсақ, оны саяси ұйым деп атамас едім. Осы қозғалыс аясындағы жобаларға адамдар саясатта немесе қоғамдық қызметте жүргендіктерінен қатысып отырған жоқ, қызықты болғандықтан келуде. Мысалға, «Зияткер ұрпақ» жобасы бар – бұл мұғалімдер қозғалысы жобасы. Қазір ауылды елді мекендерде сапалы ақпаратқа, елімізде жасалып отырған мүмкіндіктерге барлық адамның қолы бірдей жете бермейді. Жаңа технологияларды қалай дамытуға болатындығы турасында соңғы жаңалықтарды алып отыруға барлығында мүмкіндік жоқ. Ауылды жерлерде оқитын көптеген жастарымызға құлшыныс, оптимизм жетіспейді. Және бүгінде қандай да бір жетістіктерге қол жеткізген адамдар, мейлі ол бизнесте, ғылымда болсын, олар еріктілер ретінде ауыл мектептеріне жол тартып, балалармен, жоғары сынып оқушылармен кездесуде. Өз өмірлерінің тәжірибелерімен бөлісуде, білім алуда қандай мүмкіндіктер барын, қайда оқуға түсуге болатынын және 21 ғасырда қандай мамандықтар сұранысқа ие екендігін айтып беруде. Жалақы көлемдері, Америкаға, Еуропаға қалай оқуға түсуге болады, осы және тағы басқаларынан хабардар етуде. Балалар үшін бұлар аса маңызды. Біздің қозғалыста кітаптар жазатын жастар бар. Мұның саясатқа қандай қатысы бар дерсіздер. Олар бұл кітаптар елімізге, мектеп оқушыларына қажет болатынына шынайы сенеді.
-
Жүргізуші - Білуімше, ұйым өзінің бір жылға толмас уақыт ішіндегі жұмысы барысында екі кітап шығарып, бірқатар жобаларды іске асырып үлгерді. Осылар турасында толығырақ айтып берсеңіз.
-
- «Зияткер ұрпақ» жобасын тілге тиек еттім, оның қанат жая түскенін қалаймыз. Бүгінгі күні ауылды жерлерге 300-ден астам адам аттанды. Олардың саны жылма-жыл артатынына сенеміз. Қазір бізде «Аймақ – 2050» жалпыұлттық байқауы өтуде. Бұл ең үздік өңірлік стратегияны анықтауға бағытталған байқау. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінен 200-ге жуық өтінім келіп түсті. Байқауға келген адамдар туған өңірлерін қалай дамытуға болатындығы туралы өздерінің ой-толғамдарымен бөліскісі келеді. Мысалға, Қостанай, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Ақтау 2050 жылға дейін қандай болуы тиіс?
-
Жүргізуші - Қатысушылардың белсенділігі қандай? Олар не ұсынуда?
-
- Қазір біз жұмыстарды тосып отырмыз. Олар енді ғана түсе бастады. Біз өтінімдерді қабылдадық, олар жастар ғана емес, сондай-ақ студенттер, кәсібін дөңгелетіп алған бизнесмендер, оқытушылар, ҮЕҰ өкілдері. Олармен әрбір өңірде кездесулер, тренингтер өткізіп, олардан не күтетінімізді, байқаудан не күтілетінін айтып бердік. Тамаша және қызықты жұмыстар түсетініне үміттенеміз, оларды кейін марапаттайтын боламыз. Онымен қоса, ең үздік жұмыстар ел басшылығына, Үкіметте таныстырылатын болады. Жобалар туралы тағы айтар болсақ, келесі аптада – 25 қазан күні Алматыда «Talks -2050» атты форум өтеді. Бұл форумда 10 спикер еліміздің келешегі туралы айтатын болады. Турологияда «болашақ туралы ғылым» сынды термин бар. Қазір біз қолданбалы турологияны белсенді дамытуға тырысудамыз. Яғни біз Қазақстанның келешегі туралы не білеміз? Адамдар, балаларымыз қандай болады, олардың құндылықтары қандай болмақ? Елімізде қанша халық тұратын болады, олар немен айналысады, елімізде қандай жұмыс түрі анағұрлым сұранысқа ие болмақ, экономика қалай дамитын болады, жалпы қоғам қалай дамиды? Осы тақырыптар 25 қазан күні Алматыда өтетін форумда қаузалатын болады. Айтқандай, кез келген адам біздің web-сайтқа және «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысының Facebook-тегі парақшасына кіріп, тіркеліп, форумға қатыса алады. Өте қызықты спикерлер, интернет-қоғамдастықтар болады. Олардың кейбірін атап өтейін, олар мысалға, «VISOR Capital»-дың басшысы Айдан Кәрібжанов. Интернеттің белсенді пайдаланушылары әңгіме кім турасында болып отырғанын түсінген болар. Сондай-ақ қазір Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов бар. Ол экономика туралы айтатын болады. Мүмкін, бүгінгі күні көп адамды толғандырып отырған мәселелер жөнінде, атап айтқанда, рубль бағамының әлсіреуі, мұнай бағасының төмендеуі туралы да сөз қозғар.
-
Жүргізуші - Ал Сіз спикерсіз бе, әлде модератор боласыз ба?
-
- Әзірге, жоспар бойынша спикер боламын. Модератор ретінде қозғалысымыздың мүшесі, қазақстандық актер Әнуар Нұрпейісов болады. Мен бастықтарсыз қоғам туралы, адамдар арасындағы мүлдем басқа иерархия болатын қоғам туралы айтатын боламын. «Қазақстан – 2050» қозғалысында дәл соған қол жеткізуге тырысудамыз.
-
Жүргізуші - Айтатын сөздеріңізбен алдын ала бөлісе алмайтыныңызды түсінемін, бірақ қандай да бір қысқа месседж болса.
-
- Бәрін бастаған кезде «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы - бұл желілік ұйым екендігін айтқан болатынбыз. Желілік ұйым дегеніміз не? Желілік ұйымда жобалар «мен – бастықпын, сен – қол астымдағы жұмысшымсың, мынаны істе» принципімен жүзеге аспайды. Жоқ, бұл ұйымда адамдар нақты бір міндеттерді шешу үшін белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде бас қосады. Шешімге қол жеткізген кезде, олар тарқасады, не болмаса жаңа міндеттің шешіміне көшеді. Қандай да бір иерархия жоқ, әлдебір жобаның жетекшісі болуға ешкім-ешкімді тағайындамайды. Адамдар көшбасшылықты кімге беру қажеттігін өзара келіседі. «Қазақстан – 2050» қозғалысында жүрегінде ақауы бар бала туралы кітапты мемлекеттік тілге аударған кезде желіге 500 адам келіп: «біз аударамыз», - дегенді айтты. Оларға оны ешкім бұйырған жоқ, ешкім мәжбүрлеген жоқ, олардың жұмысына ешкім жетекшілік еткен жоқ, олар өздігімен келді және жұмыс істеді. «Қазақстан – 2050» қозғалысы – бұл желілік принцип бойынша бірігіп, еліміз, нақты бір адамдар үшін маңызды мәселелерді шешеді, одан әрі тарқасады. Кейін жаңа жобаларға көшеді. Ал біз бэк-кеңсенің қызметін атқарамыз, бұл адамдарды үйлестіруге көмектесетін, яғни оларды бір-бірімен байланыстыратын, оларға пікірлесуге және қандай мәселелерді шешу қажеттігін түсіну мүмкіндік беретін хаб секілді. Және маған: «Желілік ұйымда төраға қалайша болады?», - деп сұрағанда, мен: «Біз енді ғана даму үстіндеміз ғой», - деп жауап беремін. Тіпті бұл ұйымның хаб қызметін тиімді атқарғанның өзінде, бұл ұйымның атынан қоғаммен байланыста болатын қандай да бір адамдар болуы қажет қой. Қазір бізде қалалық ортаның сапасына қатысты ауқымды зерттеу жүргізілуде. Біз еліміздің 86 қаласын нысанаға алдық, барлығын зерттеудеміз: инженерлік жүйелерден бастап, кітапханаларға, емханалар мен дәрігерлерге дейін, әрбір қаладағы адамдардың өмір сүру ұзақтығын, көші-қонды, жұмыс орындарын зерттеудеміз. Және мұның барлығы ақпаратты қажет ететіні түсінікті, ал жария етілмеген көптеген ақпараттарды мемлекеттік органдардан сұрастыруымыз қажет.
-
Жүргізуші - Бір айдан кейін ұйымға бір жыл толады, солай емес пе?
-
- Аздап олай емес. Көбісі: «Сіздер 6 желтоқсан күні құрылдыңыздар», - дейді. Мен: «Олай айту аздап дұрыс болмайды», - дегенді айтамын. Осы күнге дейін 9 ай болады, яғни қазанды толығымен санасақ. Неге? Өйткені 29 қараша күні Елбасы бастама туралы ұсыныс жасады. Одан бір жеті өткеннен кейін, 6 желтоқсан күні біз жиналып, оның жақсы идея екендігін және оны қолға алатынымызды айттық. Яғни ауызша айтып, іс жүзінде іске кіріскенше 2 ай өтті. Біз желтоқсан айынан бастап, қаңтар айының соңына дейін ресімдеумен айналыстық, бізге ұйымды тіркету қажет болды. Қандай да бір кеңсені тауып, онда тұрақты жұмыс істейтін адамдардың әлдебір санын іздестіру, қаржыландыру көзін іздеп-табу қажет еді. Іс жүзінде жұмысқа ақпан айында кірістік.
-
Жүргізуші - Осы кезең ішінде ұйым ретінде қалыптасқандарыңызды айтуға болады ма? Қоғамдық қызметкерлердің, ұйым мүшелерінің нақты саны бар ма?
-
- Мен былай айта аламын, бүгінгі күні бізде 5 000 мүше бар. Яғни бәрі тіркеуден өткен, біз олардың барлығының телефон нөмірлерін, е-mail-дарын білеміз, олармен үнемі хат алысамыз, сөйлесеміз. Тоғыз айдың ішінде 200 мыңға жуық адам бар. Бұл ойдан шығарылған үлкен санға ұқсайды. 200 мың адам – олар «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының қызметін нақты өздері сезініп көрген адамдар. Олар кездесуге келген, танысқан, бірлесіп әлдебір дүниелерді іске асырған адамдар. Осылайша, 9 ай бойы жұмыс істегендер.
-
Жүргізуші
- Не дегенмен, бұл артта қалдырған мерзім ғой...
-
- Меніңше, ұйым ретінде қалыптастық және біз бүгін белсенді даму үстіндеміз. Және біздің қозғалыс аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша, әсіресе Интернеттегілермен өте белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Интернеттің басқа форумдардан, қоғамдық жиналыстардан айырмашылығы қандай? Мұнда адамдар сен туралы не ойлайтынын ашып айта алады. Және айта кету керек, 9 ай ішінде интернет-пайдаланушыларымыздың бірде-бірінен жобаларымыз жөнінде сын-пікірлер естігеніміз жоқ. Кересінше, өте жағымды пікірлер алдық.
-
Жүргізуші - Мүмкін бұл ұйымның мүшелері беделді, әрі харизмалы тұлғалар болғандықтан шығар?
-
- Былайша айтайын, бізде адамдар өте көп, біреуге ұнасам, біреуге ұнамаймын. Мен мұны қолға алдым және іске асырып жатырмын, яғни жай ғана – азамат болғандықтан. Жасап отырған жұмысымды маңызды деп санаймын, бұл өзіме қандай да бір мансапты жасау үшін трамплин емес. Бұл маған қызықты болғандықтан айналысудамын. «Қазақстан – 2050» қозғалысында расымен де, артынан адамдарды ілестіре алатын лайықты тұлғалар өте көп. Меніңше, жобаларымыздың сәттілігінің себебі, олардың артында қандай да бір лидерлер тұрғандықтан емес, адамдарға бұл шынымен де қызықты болғандықтан.
-
Жүргізуші - Қалай дегенмен де, Сіз жуырда Қазақстанның келешек жарқын 50 лидерінің қатарына ендіңіз. Оған көзқарасыңыз қалай болды? Және жалпы түрлі рейтингтерге қалай қарайсыз?
-
- Маған порталдан қоңырау шалып, «Қазақстанның келешек 100 көшбасшысы» жобасы шеңберінде сұхбат беру ұсынысы жасалғанда қуанышты болдым. Сұрақтар қойылды, мен айтып бердім, және бұл рейтингте өте көп таныстарымды таптым. Бірақ жуырда «желінің 50 табысты ер азаматтары» сынды рейтинг пайда болды, оған да еніп қалыппын. Рейтингтерге қалай қараймын? Бұл бар болғаны ақпараттық өнім. Яғни көптеген web-сайттар мен журналдарға аудитория жинауға мүмкіндік берілді. Атқарған жұмыстары үшін әлдекімнің ынталандырылуына дұрыс қараймын. Бірақ қазір басқа салаларға ауыссақ деймін. Мүмкін ең үздік 100 ұстаз, дәрігер туралы айтқан жөн шығар.
-
Жүргізуші - «Қазақстанның келешек 100 көшбасшысы», «еліміздің ең тартымды 50 ер азаматы» сынды рейтингтерде сыртқы келбет, харизма бағаланса, «ең табысты 50 компания» рейтингінде жалпы команданың жетістігі назарға алынған болуы керек? Биылғы жылы ие болған жетістіктеріңіз жалпыұлттық қозғалысқа емес, нақты бизнесіңізге қатысты ғой?
-
- Егер бизнес туралы айтсақ, иә. Мен бизнесмен ретінде мақтана алатын дүниелерім бар. Өйткені компанияны құрғанымызға бес жылға жуықтады. Оны ашқан кезде бизнесте ешқандай тәжірибеміз болған жоқ. Тек қолымыздан зор нәрселер келетінін, ақша таба алатынымызды, қандай да бір өте жақсы өнімдерді дүниеге келтіре алатынымызды өзімізге, бір-бірімізге дәлелдеуге жігер ғана болды. Өткен жылы сертификатқа ие болып, өз индустриямызда, яғни жарнама және маркетинг саласында төленген салықтардың көлемі жағынан Астана бойынша – бірінші және жалпы ел бойынша қателеспесем, екінші орынға орналасқанымызға өте қуанышты болдық. Яғни сен адамдарға жалақы алып тұратын және өздерін шығармашылық жағынан көрсете алатын қандай да бір тұрақты жұмыс орындарын құрып қана қоймай, салықтар түрінде мемлекетке де пайданды тигіздің. Ал мүмкін ол ақшаға әлдебір азамат дәрі-дәрмектер алды немесе біздің саланың адамы грантқа ие болған шығар.
-
Жүргізуші - Қаржылық мәселеге қатысты Данияр есімді пайдаланушымыздан сұрақ бар: «Сәлеметсіздер ме! Қозғалыс тапсырысты мемлекеттік бюджеттен алады ма, жоқ па? Иә болса, ол қаржының жаратылуы жөнінде қандай да бір есеп жария етілетін болады ма?».
-
- Ағымдағы жылдың 9 айында біз ешқандай мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алғанымыз жоқ, яғни біз мемлекет бюджетінен көк тиын алмадық. Біздің қызметіміз және бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқан жобаларымыз алғашқы кезекте, адамдардың ынталылығының арқасында іске асырылуда. Сондай-ақ демеулік қолдау да бар. Біздің кейбір жобаларымызға ұлттық компаниялар қолдау білдірді. Жақында «Самұрық-Қазына» қорына алғысымызды білдірдік, Қазақстанның Даму банкі тарапынан қолдау тапқан жобаларымыз бар.Таяуда BI Group Холдингі көмек қолын созды. Ол үшін Холдинг басшысына және қозғалысымыздың мүшесі Айдын Рақымбаевқа жеке алғысымды білдіремін. Ол қозғалыс жүзеге асырып жатқан жобаларға қаржы бөлді. Және бұл тұрғыда бизнес үшін бұдан әрі де тартымды бола түсуді қалаймыз. Себебі мемлекет әртүрлі қоғамдық бастамаларға қолдау білдіріп жатады, ол тамаша. Бүгінгі күні бизнес көптеген қайырымдылық шараларға қолдау білдіруде, біз балалар үйлерін білеміз және тағы басқаларын. Бірақ бизнестің «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы сынды жобаларға қолдау білдіре бастауы, бұл еліміздегі бизнестің өскендігін, және ол қайырымдылыққа ғана емес, елге, болашаққа қаржы құю қажеттігін түсіне бастағандығын білдіреді. Бұл керемет.
-
Жүргізуші - Бүгінгі күні бірлесіп жұмыс істеп отырған қанша компания бар, мүмкін қандай да бір қызықты жобаларды жоспарлап қойған шығарсыздар?
-
- Бізде дәл қазір 2015 жылға жоспарлар құрылуда. Айтқандай, бізде бір қызықты жоба бар. Ол бизнесті қоғамдық жұмыстарға одан әрі жұмылдыруға бағытталған. Біз де жуырда кітапханалар турасында ойлаған болатынбыз. Кітапханаға бару, онда болу сәнді ме? Меніңше, олай емес. Жалпы, қазір бүтін әлем білімге негізделген экономикаға ұмтылуда және білім алу сәнге айналуы тиіс. Және кітапханалар бұл білімді алуға болатын орын ғана болып қоймай, адамдар ақпарат алуға, уақытын қызықты өткізуге баратын заманауи ғибадатханаларға айналуы тиіс.
-
Жүргізуші - Мысал үшін Сізді алайық, сіз кітап оқығанды жақсы көретініңізді барлығы біледі және ол туралы әлеуметтік жілілерде жиі жазып тұрасыз. Және ол кітапты тапсырыспен алдыртқаныңызды жаза отырып, кітапханада отырмағаныңызды білдіріп, мойындайсыз. Оған уақытыңыз жетпейді ма?
-
- Мен осы проблема туралы айтып отырмын. Бұл келесі жылға жоспарланатын жобаларымыздың бірі болады. Кішігірім бір кітапхананы алып, оны қайта жасақтағымыз келіп отыр. Кітапханадан даму орталығын құрмақпыз. Яғни адамдар сонда кездесуді жоспарлайтын, кездесетін, алмасатын, бір-біріне қандай да бір туындыларды оқып беретін, ең жаңа кітаптар болатын (себебі маған кітаптарды Америкадан алдыртуға тура келеді) орынға айналдырмақпыз. Онда электронды ақпараттар ағылшын тілінде, мен бұл тілді меңгергенмін. Бірақ барлығы білмейді ғой, дегенмен, ең соңғы ақпараттарды, бес-он жыл емес, нақ қазір өзекті нәрселерді алып отыруды қалайды.
-
Жүргізуші - Біз бұл жобаны асыға тосатын боламыз, себебі ол расымен де өте пайдалы. Одан бөлек, елімізде дамытуды қажет ететін ең басты тренд, бұл білім. Өкінішке қарай, біздің сұхбатымыз аяғына жақындады. Тамаша француз жазушысы Марсель Фрост бірнеше ондаған сұрақты қамтыған сауалнама ойлап тапты. Онымен таныс боларсыз. Оларды Сізге қойып, журналистермен сұхбаттар барысында классикаға айналған сұрақтарға қалай жауап беретініңізді білгім келеді. Өз бойыңыздағы ұнатпайтын мінез-құлқыңыз?
-
- Бойымда ұнатпайтын тұстар жоқ, бірақ өзгертуге тырысқым келетін жерлер бар. Мысалға, егер мен бір нәрсеге қатты кіріссем, оған толығымен беріліп кетемін. Және сол кезде өмірімдегі басқа басымдықтарым басылып қалады. Соңғы үш айда уақыт тұрғысынан, міндеттерім тұрғысынан өзімді анағұрлым үйлесімді етуге тырысудамын. Оған кітаптарымның бірі көмектесуде.
-
Жүргізуші - Өзгелердің бойында ұнатпайтын мінез-құлық?
-
- Мен жолы болған адаммын. Өміріме әртүрлі адамдар ену үстінде. Көбісі достарым деп тынылады. Және олардың бойында ұнамайтын қандай да бір дүниелер бар. Бірақ ұнататын тұстар да бар. Және біз ұнамайтын жерлеріне көзімізді жұмамыз. Адамдармен әңгімелесу барысында ұнамайтын тұстарына назар аудармауға тырысамын. Сондықтан бұл сұраққа жауап беру қиын болады. Мен олардың бойынан өзіме ұнайтын тұстарды ғана көремін.
-
Жүргізуші - Жақсы, қандай дарындылыққа ие болғыңыз келеді?
-
- Бала кезімнен арманым, қолымды қоя салып, барлығын білу.
-
Жүргізуші - Бұл қандай да бір сиқырлық па?
-
- Кітапханаға кіріп, қолыммен сөрелерді сипап өтіп, кітаптарда қамтылған барлық ақпаратты бірден игеріп алғым келетін.
-
Жүргізуші - Ең ұнатпайтын сөзіңіз?
-
- «Білмеймін».
-
Жүргізуші - Онда ең жақсы көретін сөзіңіз?
-
- «Білемін».
-
Жүргізуші - Өзіңіздің ең үлкен жетістігіңіз деп нені санайсыз?
-
- Ең үлкен жетістігім деп отбасымды білемін.
-
Жүргізуші - Ең үлкен өкінішіңіз?
-
- Мектепте көп оқымағаным үшін өкінемін. Мысал үшін, қайта оралуға тура келетін нәрселер бар. Мектеп кезімізде оны игеруге уақыт болды. Бірақ ойнап, қыдырғымыз келді, оқуға мән бермедік.
-
Жүргізуші - Данат Жумин, ол қандай әке?
-
- Ол әртүрлі, мінсіз емес, бірақ балаларын сүйетін әке. Әрине, бірге көп уақыт өткізбейтін, бірақ олардың дамуына, бақытты болуына барын салып, оларды жақсы көретінін сезіндіру үшін тырысып-бағып жүрген әке.
-
Жүргізуші - Ресми және жеке басыңызға қатысты жауаптарыңызға үлкен рахмет. Кезекті рет жүздесуге қуанышты болдым. Ал құрметті пайдаланушыларымыз, Сіздердің естеріңізге салып өтейін, бүгін бізде қонақта Данат Жумин болды. Ең нақтыланған, әрі ең пайдалы ақпаратты BNews.kz сайтынан таба аласыздар.
Сілтеме: http://bnews.kz/kk/conferences/view/419/
24.10.2014 0 пікір