Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жаңалықтар

    Барлығы Танымал
    алдынгы жана
    келесi жана

    Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко "Зияткер ұрпақ" жобасына қатысты.

    485 08.10.2014
    Кеше Атланта олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Родина ауылының оқушыларымен шеберлік сабағын өткізді.
    Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко
    Екі дүркін Азия чемпионы, Атланта олимпиадасының алтын медаль иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, жаттықтырушысы Юрий Мельниченко "Зияткер ұрпақ" жобасы аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Родина ауылындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, шеберлік сабағын өткізді. Атақты спортшы оларға биік армандарға жету жолдарымен бөлісіп, еңбекқорлыққа, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. 
    Юрий Мельниченко: "Бала кезімізде ұшқыр қиялға беріліп, біреулерге еліктеп өстік. Сол үлгі тұтқан адамдар болашақ мамандығымызды таңдауға өз әсерлерін тигізгені анық. Енді өз кезегімізде біз де осы бір міндетті қолға алып көріп отырмыз. Осы жобаның арқасында ауылдағы жас жеткіншектерге  үлгі бола алсақ, жақсы істерге баулысақ, ел болашағына қосқан үлесіміз болар еді. Бұл игілікті бастаманың жемісін бірнеше жылдардан кейін, яғни осы балалар ел іргесіне кірпіш боп қаланып, Қазақстанның нағыз патриоты болып, мақтанышына айналған кезде көретін боламыз." - деген ойын білдірді.