Жаңалықтар
2014 жылдың 15 қазанында «Азаматтық қоғам балалар құқығын қорғайды» тақырыбына қоғамдық тыңдаулар өтті.
«Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс» деген Елбасының сөздері оның ана мен баланы қорғауға қатысты стратегиялық бағдарын және «Сәбимен шаңырақтың сәні кірер» жобасындағы біздің басты міндеттерімізді айқындап отыр.
2014 жылдың 15 қазанында Астана қаласында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Конференц-залында «Азаматтық қоғам балалар құқығын қорғайды» тақырыбына қоғамдық тыңдаулар өтті. «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің бастамасымен өткізген бұл шараның мақсаты - балаларды қорғауға қатысты әлеуметтік саясатты өзгерту мәселесіне Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Парламентінің назарын аударту, сондай-ақ отбасы мен баланы қорғау жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, жүзеге асыру қажет екенін жеткізу.
Қоғамдық тыңдауларда ҚР Президенті жанындағы отбасы, әйелдер мен гендерлік саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Төрағасы Бекбосынова Махаббат Сансызбаевна сөз сөйледі, Сейталина Қорлан «Интернаттық мекемелерді отбасыны қолдау қызметі етіп қайта құру бағдарламасына кететін шығындардың экономикалық бағасы» тақырыбы бойынша зерттеу нәтижесін таныстырды. Ал Шүлбі ауылындағы балалар үйінің экс-директоры Роза Садуловна асырауға алатын отбасылар институтын құруға бағытталған арнайы әлеуметтік қызметтерді дамытудың маңыздылығы туралы айтты. Талғар қаласындағы "Ковчег" жеке меншік балалар үйінің директоры Марина Сугакова отбасыны қолдау қызметі - әлеуметтік жетімдіктің алдын алу құралы болып табылатынын кеңінен тарқатты. Саин Аружанның әсерлі де жалынды сөздері көп адамдардың санасына ой салғаны анық. "Kidsave International" компаниясының негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Ренди Томпсон халықаралық тәжірибесімен бөліссе, "Kidsave International" компаниясының Шығыс Еуропа мен ТМД елдері бойынша директоры және халықаралық балаларды қорғау жұмыс тобының қосалқы төрайымы Татьяна Стаффорд Ресейдің балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан және одан шыққан жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және тәлімгерлік ету бағдарламасы туралы айтты. Көп балалы отбасының отағасы Мұрат Қабылбаев бақытты отбасын құру тарихын баяндап берді. "ДАРА" ЖҚ-ның атқарушы директоры Мадина Бакиева "Тәлімгерлік: Қазақстан тәжірибесі" атты бағдарлама хақында сөз қозғады. Қоғамдық тыңдаулар әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының "Әлеуметтік-басқару технологиялары" кафедрасының меңгерушісі Нұрқатова Ләззат Төлегеновнаның баяяндамасымен аяқталды.
"Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері мен еріктілер тобы «Балалар үйі: сәби жанары» фотокөрмесін ұйымдастырды.
16.10.2014 0 пікір