Басты
Біз туралы
Жобалар
Қозғалыс мүшесі болу
БАҚ біз туралы
Жаңалықтар
Кері байланыс
Авторизация
Парольді қалпына келтіру
қаз
рус
Іздеу
Іздеу

    Жаңалықтар 

    Кері қайту
    Келесі бет

    Хаменова Бахытгүл Қайыржанқызы "Зияткер ұрпақ" жобасына қатысты.


    «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында филология ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы 22 қазан күні Атырау қаласының №11 мектеп оқушыларымен кездесіп, дәріс өткізді.

         Кездесу басында «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының Атырау облысындағы өкілі Нұржан Өтепбаевтың кіріспе жасады. Нұржан Сапарғалиұлы оқушыларға қонақты таныстырып, Қозғалыс туралы және «Зияткер ұрпақ» жобасы туралы ақпар берді.

           БақытгүлҚайыржанқызы сөзінің басында өзі де осы мектептің түлегі екенін айтып өтті. Мектеп қабырғасында жүрген кездерін еске алып, ұстаздарға деген шексіз алғысын білдірді.

            Әңгіме барысында қонақ өзінің өмір мен өсу жолына тоқталып, тұлғаның жақыс қалыптасуының негізінде дұрыс тәрбие жатқанын баса атап өтті. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасы, рухани құндылықтар, еңбекқорлық, талап пен білім жайында сөз қозғады.

         Соңында БақытгүлҚайыржанқызы жасөспірімдерге еліміздің ертеңі олардың қолында екенін, өмірде ең бастысы, материалдық байлықтан гөрі, рухани байлық құндырақ екенін қадап айтты. Білім – ұлы күш, ертеңгі наның, қарым-қабілетің. Сондықтан қазіргі сәтте берілген мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Бәсекеге қабілетті болсаң, елеулі боласың, ал мұндай жастар еліміздің қазынасы.

          Өз сөзінен кейін депутат оқушылардың өзекжарды сұрақтарына толық жауап берді. Оқушылардың сұрақтары жұмыстан тыс уақытта айналысатын ісі, колледждің болашақ жоспары жайлы болды.

          Кездесу соңында белсенді оқушылар марапатталып, кейін барлығы естелікке суретке түсті.
















    23.10.2014 0 пікір

    пікірлер


    Өз комментарийіңізді қалдыру үшін авторизация жасаңыз!