Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жаңалықтар

    Барлығы Танымал
    алдынгы жана
    келесi жана

    "Зияткер ұрпақ" жобасы Қызылорда облысында жалғасты.

    580 25.11.2014
    "Қазақстан - 2050" ЖҰҚ-ның орталық аппаратының үйлестірушісі Шыңғыс Сәулебек Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі №46 мектептің, сонымен қатар "Қазақстан - 2050" ЖҰҚ-ның Қызылорда облысындағы өкілі Жасұлан Серіков Шиелі ауданы, Тартоғай ауылындағы Ш.Есенов атындағы №153 мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, сабақ өткізді.
    «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен «Зияткер ұрпақ» жобасын еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асырып жатқаны белгілі.

    21 қарашада "Қазақстан - 2050" ЖҰҚ-ның орт алық аппаратының үйлестірушісі Шыңғыс Сәулебек «Зияткер ұрпақ» жобасы бойынша Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі №46 мектептің, сонымен қатар  "Қазақстан - 2050" ЖҰҚ-ның Қызылорда облысындағы өкілі Жасұлан Серіков Шиелі ауданы, Тартоғай ауылындағы Ш.Есенов атындағы №153 мектептің 9, 10, 11 сынып оқушыларымен кездесіп, сабақ өткізді. Шыңғыс Сәулебек оқушылармен мамандық таңдау, елге қызмет етудің маңыздылығы жайлы және т.б. тақырыптарда әңгімелесті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оларға кеңінен жауап алды. Сабақ барысында тәлімгер мен шәкірт арасында жақсы қарым-қатынас орнап, қызығушылықты оята білді.

    Ал Жасұлан Серіков оқушыларға кәсіптік бейімделу, көшбасшылық, өздері тұрып жатқан ауданнан шыққан елге танымал адамдар туралы және т.б. тақырыптарда презентация жасады.  

    Кездесу соңында екі мектептің кітапханасына Қозғалыс белсенділерінің ықпалымен жарық көрген, "Критикалық ойлау негіздері"  кітабының екі тілде басылған нұсқаларын Қозғалыс атынан табыстады. Қозғалыс мүшелері қолға алған бұл кездесулер жеткіншектердің білім алуға деген құштарлықтарын арттырып, ертеңгі күніне деген сенімділіктерін нығайтады және болашақта осы оқушылардың елімізді өркендету жолында еңбек етіп, зор үлестерін қосуына ықпал етеді деген сенімдері мол.