Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жаңалықтар

    Барлығы Танымал
    алдынгы жана
    келесi жана

    «Зияткер ұрпақ» республикалық жобасы аясындағы кезекті кездесу Солтүстік Қазақстан облысында өтті.

    763 18.12.2014
    Желтоқсанның 13 жұлдызында «Хабар» арнасының редакторы, «Нұр отан» партиясының «Үздік блогер» номинациясының иегері Өркен Кенжебек және аталмыш арнаның енді бір редакторы, Арнайы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, көпшілікке «Біз» ток-шоуының жүргізушісі ретінде танымал Рахат Жақсыбай өңір оқушыларының алдында дәріс оқыды.
    «Зияткер ұрпақ» республикалық жобасы аясындағы кезекті кездесу Солтүстік Қазақстан облысында өтті.


    «Зияткер ұрпақ» республикалық жобасы аясында кезекті кездесу Солтүстік Қазақстан облысына өтті. Желтоқсанның 13 жұлдызында «Хабар» арнасының редакторы, «Нұр отан» партиясының «Үздік блогер» номинациясының иегері Өркен Кенжебек және аталмыш арнаның енді бір редакторы, Арнайы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, көпшілікке «Біз» ток-шоуының жүргізушісі ретінде танымал Рахат Жақсыбай өңір оқушыларының алдында дәріс оқыды.

    Өркен Кенжебектің Ә.Досмұхаметов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатындағы кездесуі де, Рахат Жақсыбайдың Қызылжар ауданының орталығы «Парасат» мектеп лицейіндегі кездесуі де өте қызықты өтті. Әңгімені өз өмірлік жолы, мамандық таңдау, махаббат пен отбасы, жастық шақтың қадірін білу аясында өрбіткен қонақтар кейін жастарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

    Жалпы бұл жоба көздеген мақсатына жетті деген ойдамыз. Ел бойынша жүздеген жас азамат спорт, мәдениет, политика және басқа да салалардың бетке ұстар тұлғаларынан дәріс алып, өз өмірлік жолын айқындап, болашаққа деген сенімі артқаны анық.