Жаңалықтар
«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері мен «Wheels Brothers MC» Атырау мотоклубы «Менің Елім – Моя Страна» республикалық жобасын Атырау облысында бастады
29 мамырда, Атырау қаласында «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «Wheels Brothers MC» Атырау мотоклубымен бірлесе «Менiң Елiм - Моя Страна» жобасын бастады. Менiң Елiм - Моя Страна» республикалық автомотошеруі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орайластырылған. Жоба біздің Отанымыздағы түрлі ұлттар мен конфессиялардың әр түрлі облыстардан келген өкілдері – жастардың арасында достық қарым-қатынас пен байланыс орнату және кездесулер арқылы көпұлтты еліміздің біртұтастық идеясын қолдауды көздейді. Бұл ұран Елбасының Нұр Отан партиясының XVI съезіндегі сөздерімен үндесіп жатыр. Онда Елбасы басты мақсатты бағдарға алу қажеттігі, қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық құндылықтар – заңның үстемдігі мен мемлекеттік ұстанымдарды өздерінің этникалық тәртіп үлгісінен жоғары қоюы керектігі жайлы атап өткен еді.
Бұл ерекше жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының негізіне Елбасы салған идеяларды жас ұрпаққа әсерлі, қолжетімді әрі түсінікті тәсілмен жеткізу ісіне Қазақстан жастарының белсенді бөлігін тартуға мүмкіндік береді.
Мотошеру Қазақстанның 20-дан астам қалалары (Атырау, Орал, Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы, Үшарал, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар, Астана, Зеренді, Қостанай) мен елді-мекендері шеңберінде өтеді. Автомотожарыстың жолдағы жалпы уақыты 18 күн. Жалпы жүріп өтетін жолы 8500 шақырымды құрайды.
Көліктердің басты легі Атырау қаласынан шығып, жол бойында қосылған автомото қозғалысымен қызыға айналысатын спортшылармен толыға отыра, еліміздің қалаларын басып өтеді. Жарысқа қатысушы автокөліктер мен мотоциклдарға, ілесіп жүретін машиналарға айрықша белгілер, жарыс таңбасы мен демеушілердің логотиптері бейнеленген жалаулар орнатылады. Қатысушылар мен жолда қосылған мотоциклшілерге жарыстың атауы мен логотипі бейнеленген майкалар таратылады. Мотоқауымдастық пен еліміздің қалаларындағы ынталы топтар, ұйымдастырушы мотоклубтың өтініші бойынша, жарысқа қатысушылар өз қаласының тұсынан өткенде кездесу өткізіп, оларды тынығу орындарына орналастырады. Осы тұста басқа аймақтардан қосылуға ниет білдірген мотоциклшілер негізгі лекпен танысып, кездесіп, әрі қарай оларға ілесуге мүмкіндік туады.
29.05.2015 0 пікір