Жаңалықтар
Республикалық "Менің елім" автомотошеруінің қатысушылары Алматы облысында
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған республикалық автомотошеру сапарларының жартысынан астамын еңсерді. Жоспар бойынша, байкерлер мен автомобильшілер Қазақстанның 20 қаласын аралап, 9 000 шақырым жүріп өтуге тиіс болатын.
Көлік тізгіндеп, аймақтарды аралап жүргендер қазірдің өзінде Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Байқоңыр, Түркістан, Шымкент, Алматы, Талдықорған қалаларын басып өтті. Талдықорған қаласында шерулеткен жігіттерді қозғалысымыздың Алматы облысы бойынша үйлестірушісі Жомарт Қаратас бастаған облыстың беткеұстар жастары қарсы алды.
Олар шеруге қатысушыларды қошеметтеп, қонақтармен "Мәңгілік ел" идеясы, "Қазақстан 2050" Стратегиясы, еліміздің жастар саясаты жайлы әңгіме дүкен құрды. Талдықорғандағы жастар активмен зор әсер алған шерушілердің ендігі бағыты Шығыс Қазақстан облысы.
08.06.2015 0 пікір