#Talks2050 Шымкентте
1. «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры И.Үмбетаевтың сөзі:
Құрметті бүгінгі осы жиынға жиналған азаматтар! Осыдан 3-4 күн бұрын осындай хабар алдық! Мынау Шымкент қаласында Хадиша Риксос мейрамханасында осындай мақта туралы жиын өтеді деп, сол хабар ішінде жазылған мына сөзді оқып біз өзіміз ойланып қалдық! Мақта маңызды немесе емес. Немесені алып тастаса мақта маңызды емес деген сөз шығайын деп тұр! «Немесе» деген сөздің төңірегінде біз бүгін әңгіме жүргіземіз! Неге бүгінгі күн тақырыбына осындай мәселе қойылып тұр! Мен мұндағы ұйымдастырушылармен сөйлесе отырып мәселенің маңызын сонда түсіндім! Бұл облыста негізгі өндірілетін, негізгі халықтың күн көрісі мәселелері бойынша көтеріп жатыр екен, сол саланы дамыту үшін. Ал, енді жалпы, ОҚО үшін мақта шаруашылығы деп алған. Әрине, тақырып өте дұрыс таңдалып алынған. Сондықтан, мына мақта деген сөздің өзінен алатын болсақ, мақта Қазақстан Республикасында, 1924 жылы Мақтаарал совхозы құрылған болса, жақында 100 жыл болады. Кеңес одағы орнаған кейін Өзбекстанда мақта егілген ,содан кейін Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан, Түркістан өңірі Түлкібас, осы Шымкенттің айналасы, барлық жерлерде бұрын мақта егілетін. Кеңес одағы 1917 жылдан бері АҚШты мақта өндірісінен басып озамыз деген мақсатпен сонау Жамбыл облысына дейін мақта егетін болған. Мысалы мынау Түлкібас аудандарында жолда кетіп бара жатсаңыз Мақташы, Мақтал деген бөлімшелер бар. Сол соның ізін көрсетеді. Ал енді мақтаның маңызын алатын болсақ, мақтаның маңызын барлығымыз білеміз, мақтадан 35-40 түрлі дайын бұйымдар жасайды. Мынауматадан басқа химикаттар жасайды, парашют жасайды, түрлі Қостанай облысы сухонный фабрика бар т.б. Бірақ өкінішке орай біз оның бәрін жасай алмаймыз. Біз мақтаны өндіреміз да оны экспортқа шығарып жібереміз. Ал енді Кеңес одағы мақта өңдейтін мата жасайтын, киім тоқитын кезінде Москваның қасынан Иванова деген текстильный городок құрылған болатын. Ал енді бүгінгі жағдайды алатын болсақ Кеңес одағы тарқағаннан кейін, ол фабрика Москаваға керек емес, ондағы фабриканың бәрін жауып тастаған болатын. Сөйтіп Қазақстан 92 жылдардан бастап кешегі 2000 жылға дейін мақта өндірісі тоқырап, тұрып қалды. Өзіміздің отандық сортымыз жоқ, көрші елдерге тәуелді болдық. Әсіресе, Өзбекстанға да тәуелдіміз,олардың сорттарын еккеннен кейін, сол Өзбекстан мамандарынан солардың өсімдік сортын пайдаланғанымыз үшін ақша төлеп отырдық. Одан кейін өзіміздің Ауылшаруашылығы министрлігі осыған қаржы бөліп, бүгінгі таңда Қазақстанда отандық өзіміздің 10-нан аса өсімдік сорттарымыз бар. Қазақ мақта шаруашылығы институты жасап шығырған . сол 10 сорттың 6 бүгін өндірісте. Мына сорттарды алатын болсақ, тек қана осы жергілікті жердің емес, Египеттен, Индиядан, Израильден, Россия, Аргентинаның генофондарынан алып келіп, осы сортарды жасап шығарған болатынбыз. Ал енді бұл сорттар бүгінгі таңда, егенрде жақсылап агротехника талаптарына сай жүргізетін болса 55-60 центнерге дейін өнім бере алады. Мынау Түркістандағы «Нұр» өндірістік корпаративінде осы сорттарымыз 52 центнерге дейін мақта береген болатын. Ал енді бүгінгі таңда біздің облыстағы мақта шаруашылығы өнімі 25-26 центнер, ал енді 2013-2014 жылдары осы рекордтық Кеңес одағында болмаған 29-30 центнерге дейін мақта өнімін алды. Ал енді следущий слайд! Біздің қазақ мақта шаруашылығы инновациялық жолдарда жұмыс істеп тек қана ақ мақта емес, түрлі-түсті мақта шығара бастады: қоңыр, ақшыл қоңыр, сұр. Өкінішке орай, біздің жаңа текстильный фабрикаларымыз бұл мақтаға көңіл бөлмей келе жатыр. Ал енді қазір дүниежүзінде мақтаны боямай сол өзінне тікелей бөліп шығарып пайдаланады. Адамдардың 15 пайызының матаның краскасына аллергиясы бар. Сондықтан осы түрлі-түсті мақтадан көйлек тігіп, пайдаланып жатыр. Ал енді мынау Қытайда, Аргентина мен Бразилияда күшті дамыған. Мынау біздің институтта шығарылған қоңыр мақта. Ал енді келесі слайд!) ал енді қараңыздар қоңыр түсті матадан жасалынған дайын мата, астындағы трикотаж. Егер осы қоңыр мақтаны пайдаланатын болсақ, ақ мақтадан бағасы 40 пайыз төмен болады. Оны больницада, балалар бақшасында, одан кейін мынау военный часттарда, барлық полотенца, халаттар, простина осының бәрін осы қоңыр мақтадан жасауға болады. Ақ мақтадан жасау үшін бояу керек болса, мынаны боямайды. Сол алған күйінде пайдаланады, сондықтан арзан түседі. Енді қараңыздар, біз қазір жасыл мақта жасап жатырмыз. Енді қызыл, көк мақта жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Оны шығару өте қиын. Қытайдағы Дзинь-дзянь автономиясы тікелей ұсыныс жасап бірге жұмыс жасаймыз. Біз оны ұсыныс деп өкіметке айтып жатырмыз, Ауылшаруашылығы министірлігіне айтып жатырмыз. Бірақ оған біздің өндіріс орындарымыз дайын емес. Сондықтан келешекте осыны дамытамыз деп ойлаймыз. Келесі слайд!) мына бізде, көп адамдар айтады, «Ой, біздің мақтаның сапасы төмен. Қазақстанның мақтасы сапасыз өндіріледі!» деп. Олай емес! Қазақстанның мақтасы жақсы! ОҚО дүниежүзіндегі ең солтүстік мақта егетін жер. Ол мынау Үрімші, Өзбектан, Қарқалпақстан, ОҚО-дағы Түркістан. 38-41 паралель арасында. Бізде мақта 125-127 күнде піседі. Воот! Ал енді мынау мақта біздің осы қазіргі фабрикаларымыз қолданады 3-типті мақта. Түркменстан, Өзбекстаннан алып келеді ,1000-2000 тоннаға дейін. Бұл біздің өңірлерде өспейді. 150-160 күнде піседі. Сондықтан біз осыны тез пісіруге жұмыс істеп жатырмыз. Келесі слайд. Мынау біздің ОҚО аудандары. Қай ауданда қанша мақта өндіретіні туралы. 2000 жылға дейін біздің аудан Қазақстанда өзінің отандық сорты болмаса бүгінгі таңда 12 сорт шығарылып, жалпы егілетін мақтаның 85 пайызы біздің отандық сорттар! Мына жерде соның диаграммасы. Бүгінгі таңда 102000га жерді алып жатыр. Мынау мақтаны оригиналды шиттен бастап шаруаларға жеткізу. Соның схемасы. Бұл өте көп уақыт алады. Сондықтан арнайы сұрақ пайда болса, жауап беруге болады. Мынау міні мақтаның бағасы. Міне біз 11 жылдан бері осы мақтаның дүниежүзілік бағасын қарап жүрміз. Байқасаңыздар, соңғы жылдары мақтаның бағасы көтерілмей қалған. Дүниежүзінде мақта өндірісі көбейіп, сұраныс азаюына байланысты. Следующий слайд. Мынау мақтаның ауыспалы егіс тізбектері. Бізде шаруашылықтар тегіс майдаланып кеткен. Онда ірі өндірістік агротехникалармен жұмыс істеу қиын. Мұнда біз өндірістің экономикалық тиімділігін жасағанбыз. Егер 100 га артық болатын болса, онда 2000 доллардан аса әр га-дан таза пайда алады. Келесі слайд. Мынау біздің жаңа технологиямыз. Бұл бойынша біз 2012 жылы агротехникалық өнертапқыштар сайысында бірінші орын алдық. Жерді ұзақ пайдаланудың арқасында жер астында қабыршақ пайда болады, соны бұзу нәтижесінде 45-47 центнер өнім бере бастайды. Келесі слайд. Мақтаны әр тараптандыру. Өздеріңіз білесіздер, мақтаны әр тараптандыру Мақтарлда ғана емес басқа өңірлерде де басталып кетті. Яғни, әртүрлі дақылдар егу. Экспортта бірінші бидай, екінші мақта болса, қазір үшінші орында қауын. Бүкіл Россия,Германия, Францияға дейін біздің мақталарымыз жетіп жатыр. Мысалы қауын Қызылордада өседі, Алматыда да өседі. Бірақ ол қауындар мынандай қатты емес. Тасымалдауға да ыңғайсыз. Қызылордада өте жақсы қауындар өседі. Бірақ қабықтары өте жұқа. Ал біздің қауындарды дүниежүзінің қай нүктесіне апарса да өзінің дәмін, исін өзгерпейді. келесі слайд! Суды үнемдеу технологиясы. Тамшылату, жаңбырлату, шашырату, пленкамен жауып қою т.б. осы технологиялармен Мақтаарал 140 текше метр су үнемдеді. Ол деген 100 га жерді қысы-жазы суаруға жететін су. Осны түгел ОҚОға таратсақ тиімді болар еді. Келесі слайд. Мынау нөлдік технология бойынша мақтаға тимей үстінен бидай егу. Бидай пісіп тұр. Арасында мақта бар. Бұлда өте тиімді мақта үшін. Жерді артық шығынсыз пайдалану. Келесі слайд. Мынау міні қауын-дарбыздың жаңа сорттар және мал шаруашылығы үшін жоңышқаның сорттары. 250 центнер құрғақ шөп береді. Негізі 100 га-ға 102 текше метр су кетеді. Ғылыми негіздеу бойынша. Біздің шаруалар 200ге дейін жұмсайды. Бұл нормадан өте жоғары. Осыған жұмыс жасап жатырмыз.
Тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!
2. «Қазақ мақта қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы С. Бақтыбаевтың сөзі:
Саламатсыздар ма құрметті форумға қатысушылар. Мынау бізде ұйымдастырушылар «Мақта: маңызды немесе емес» деген тақырыпты жақсы алған. Қазіргі күрдеоі проблемаларды сіздердің назарларыңызға ұсынсам деп отырмын. Мынау бізде 2007жылы «Мақта саласын дамыту туралы заң»қабылданды. Ол тағы да біздің маңыздылығымызды дәлелдейді. Экономикаға, біздің Оңтүстік өңірге, әлеуметтік салада ерекше маңызды сала екенін дәлелдейді. Ең бастысы осындай шешім қабылданды. Міні 8 жылдан астам осы заң жұмысын атқарып жатыр. Оның артықшылығы да, кемшілік жақтары да бар. Оны уақыт көрсетті. Міні осы жақында ғана елбасы осы заңды өзгертіп, түзету енгізді. Мүмкіндік болса сол инвестиция тарту мәселесі шешіледі деп үміттенеміз. Мұнда күрделі тағы бір проблема бар. Біз мониторинг жүргіземіз. 2007 жылы шаруалардың бір гаға шығыны 65000тг көлемінде болды. Ал, 2014жылы бір гаға 125000-130000тг жетті. Былтырғы өнім 24 центнер. Экономикалық жағынан шаруалар пайда көрді. Но, жоспар бойынша 40 центнер кем болмауы керек еді. Не себепті? Вот, осы жерден көп нәрсенің маңызы ашылады. Жоғары сапалы шит бар. Ал көпшілік шаруалар оған қол жеткізе алмайды. Себебі шаруашылықтар ұсақ. Сапалы өнім өз бағасына сай болады. Біздеде сондай. Жоғары өнімділігі бар элиталы шит бағасы жағынан қымбат болғасын, ұсақ шаруа қожалықтар ала алмайды. Екіншіден субсидия. Мемлекет тарапынан қолдау керек. Былтырдан бастап механизм өзгерді. 22000 тікелей субсидия бір гаға бөлініп жатыр. Бұл шамамен 20-30 пайыз шығынды жабады. Бұл аз! Дамыған мемлекеттерде бұл салаға көп көңіл бөлінеді. Біздің айтатынымыз сол шаруаларға 3 жылға дейін салық каникулдарын беру. Келесі мәселе сапа. 2013 жлы өндірілген мақта Казагротехник деген мемлекеттік мекемеде тексеруден өтті. Соның қорытындысы бойынша 23-ақ пайыз 4-тип болды. 4-тип бұл жоғары сапалы мақта. Оның бағасы да жоғары. Былтыр ол көрсеткіш 17-ақ пайыз болды. Ал көрші Өзбекстанда 80 пайыз 4-тип. Бір белдеу, бір аймақ. Бірақ бізде 5-тип. Былтырдан бастап «Самұрық» мемлекетік холдингі арқылы тоқтап тұрған тоқыма фабрикаларына 60млн АҚШ доллары бөлінді. Жоғары сапаға өтсек, экономикадан ұтамыз. Біз экспортқа ТМД елдеріне жібереміз. Дамыған мемлекеттер тек 4- типті қолданады. 2007 жылы 200000, ал қазір 102000 га жер игеріледі. Былтыр 313000 физикалық салмақта мақта өндірілді. Бұл кондитциядан төмен. Бұны 15 өндіріс орнына шаққанда 20-30 пайызын ғана өтейді. Ұйымдастырушыларға рахмет! Негізгі айтатын әңгіме осы. Назарларыңызға рахмет!
3. ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н.Кабиштаевтың сөзі:
Саламатсыздар ма құрметті қатысушылар!
Бүгінгі тақырып мақтаның маңыздылығы. Қысқаша қазір Кәсіпкерлер палатасында жүргізіліп жатқан істерге тоқталып өтсем. Кәсіпкерлер палатасының негізігі міндеті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, олардың кәсіпкерліктерінің дамыту жолдарын іздеу, қызығушылықтарына мемлекет тарапынан және мемлекеттік барлық органдар тарапынан қол жеткізуге көмектесу. Қазір облысымызда 127000 жеке кәсіпкерлер бар. Осының 60 пайызы ауылшаруашылық саласында жұмыс атқарады. Мақта шарушылығы бізде әлеуметтік маңызы өте үлкен сала. Кәсіпкерлер палатасының орталық және жергілікті органдарында әр сала бойынша комитеттер құрылған. Жоғарыда айтылған проблемалар үкіметте көтеріліп отыр. Бұл бойынша ведомства аралық үлкен жиындар ұйымдастырылған. Мақта саласын шаруашылық ретінде алатын болсақ, бірнеше басқа салаларға себепші болып отыр. Ол тігін өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп. Біз мұнай өндіретін мемлекетпіз. Бұрғылауд а қолданылатын полицеллоза мақтадан алынады. Мақта бойынша экономикалық зоналарымыз бар, индустриялық зоналарымыз бар. 2019 жылға дейін жаңа 15 индустриялы зона құрылғалы жатыр. Шамамен 30дан астам тігін фабрикалары бар. Мұның барлығы мемлекеттңк сатып алуға жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындар үшін бәсекелестік маңызды. Біз кәсіпкерлерді әрқашан қолдаймыз. Облысымыздан экспортталатын ең маңызды шикізат – мақта.
4. ОҚО кәсіпкерлер мектебінің директоры Б.Дүйсебековтің сөзі:
Кәсіпкерлік мектебі ашылған сәттен бастап (2012 жылдан 2015 жылдың маусым айына дейін) 17557 адамды оқытып, оларға сертификат бергілді. Кәсіпкерлер мектебі үш бағытта жұмыс істейді. Жастарға арналған «Өркен» бағдарламасы бойынша 3248 адам, жас, бастауыш кәсіпкерлерге арналған «Сәтті бастама» бағдарламасы бойынша – 12 695 адам, ал әрекеттегі кәсіпкерлерге арналған «Өрлеу» бағдарламасы бойынша – 1 614 адам оқуды нәтижелі аяқтаған. Кәсіпкерлік мектебін аяқтап, 1208 адам өз кәсібін ашты. Бұл кәсіпкерлер «Өркен» және «Сәтті бастама» бағдарламалары бойынша білім алған. Екі жақты түзілген меморандум аясында «Ырыс» бағдарламасы бойынша Кәсіпкерлік мектебінің 535 түлегінің жобасы 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржыландырылды. Әрбір түлектің жобасы орташа есеппен 2,8 миллион теңге көлемінде. Әрине, бұл өте үлкен қолдау. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту -2020» жол картасының 2-ші бағыты аясында оқудан өткен 1481 адам 3,9 миллиард теңгеге Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы қаржыландырылған Бүгінде кәсіпкерлік мектебі тек Шымкент қаласында қызмет көрсетіп жатқан жоқ.
Облыстың 15 аудан, қаласында кәсіпкерлік мектебінің типтік үлгідегі жаңа ғимараттары бірінен соң бірі салтанатты түрде ашылып жатыр. Облыстық кәсіпкерлер мектебі «Кәсіпкерлік негіздері» оқыту курсынан бөлек озық технологиялар бойынша жұмыс жасап жатқан шаруашылықтардың негізінде салалық шеберлік сыныбын өткізу үшін 71 меморандумға қол қойды. Бұған дейін де Кәсіпкерлік мектебінде 5341 адам салалық шеберлік сабақтарынан өтті. Әрине, Кәсіпкерлік мектебін аяқтағандардың барлығы бірдей кәсіпкер бола бермейді. Мысалы, Америкада ашылған 100 фирманың 5-і ғана жыл соңына жетіп барады. Сол 5 фирманың 1-2-і ғана табысты кәсіпкерлік құрылымға айналды. Кәсіпкерлік мектебінің міндеті – жұмыссыз, қытайша айтқанда, аш адамға балық емес, қармақ беру. Ал кәсіпкер болу үшін жай тілек пен ынта жеткіліксіз. Сала мамандары «істі дөңгелетіп кету үшін білім мен білікпен қоса ыстық ықылас пен жас жігіттің қызға деген ынтығындай «ыстық махаббат» керек дейді. Түйіндей айтқанда, Кәсіпкерлер мектебінің миссиясы – кәсіпкерлікке ынталы адамдарға білім беру, мемлекеттік қолдау институттарының қызметімен таныстыру. Ары қарай тартып кету – кәсіпкердің өз ісі. Бүгінде Кәсіпкерлік мектебі әрбір ынталы адамға осы мүмкіндікті беріп отыр. Ал бітіруші «ауға жарағанмен дауға жарамай жатса» - мұнда мектептің айыбы жоқ. «өз кәсібін бастап жатқан азамат үшін ең қиыны не?» деп ойлансақ. кәсіпкер үшін ең қиыны – бизнесте жаңа, өміршең идея табу, ал екінші қиындық тудыратын мәселе – бастаған бизнесті қаржыландыру. Осы екі қиындықты жеңілдету мақсатында Кәсіпкерлік мектебін бітірушілерге орта және шағын бизнестің 100 бағыты сипатталған кітап сыйға тартылады.
Сондай-ақ, мүмкіндігінше, бітіруші бастаған жоба немесе жаңа кәсіпті қаржыландыру көзі қарастырылады. Бүгінге дейін жалпы саны 2016 адамға 5,4 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Мектеп көші осылай түзеліп келеді.
Назарларыңызға рахмет!
5. «Шардара Мақта» ЖШС бас директоры Т.Қанаевтың сөзі:
Оңтүстік өңірі мақталы аймақ. 8 аудан мақта береді дейді дегенмен соның 6-ы ғана дұрыс мақта береді. Ақ алтын Мақтарал, Шардара, Түркістанда жақсы. Мақтаны Өзбекстанда да жақсы дамыған. Мақта деген жақсы қаражатты қажет етеді. Олай болмаса мақта шығын. Көптеген түйткілдерді қарапайым шаруа шеше алмайды. Мақта саласы әртараптанған дұрыс. Бізде Сырдария өтеді. Жүгері мен қауын қарбыз үшін ғана 5-6 метр суды қолданамыз. Бізде басқа нәрсе егуге дринаждар жоқ. Ал біз осылай екпесек жақын 5-6жылда Мақтааралдан айырылып қаламыз. Жүгері мен мақтаны араластырып егуіміз қажет сонда ғана жер соны кетеді. Осының барлығы үшін субсидияны көбейту қажет. Мына өзбек ағайындар 1 жерге 1 ақ рет егеді. Біздегі сайын далалар көп, мысалы Арыс пен Шардара жақтар. Мақтаның бағасына келсек, Кедендік одақтың арасында 160 доллардан түседі. Бұрын 127, 147 доллар болды. Егер біз осына теңгені есептеу қажет. Пайдасы қайда?! Кедендік одақтың дұрыс жақтарын таба білуіміз қажет. Электр энегргиясы қымбаттау, техникалар аз және ескі. Мақтаны қабылдайтын бар жоғы 6 зауыт ғана. Мақтаны алуда және жақсы өнім алу үшін жері мен тыңайтқыш мен анауы мен мынауы көп болып тұр. Мысалға 10 центнерді 20 мың берсе. Мен болсам 60 центнерден өнім алып, чемпион болдым. Шитті мақтаның облыс экономикасында, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде алатын орны ерекше. Ауыл шаруашылығынан алынатын табыстың 1/3 осы дақылдан түседі. Ауылда жұмыс істейтіндердің де 1/3 шитті мақта өсірумен айналысады.
Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдірушілері ауа райының қолайсыздығына қарамастан біршама жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Масақты дақылдар мен мақсарыдан басқа барлық дақыл түрлерінің өнімі 1999 жылға қарағанда артық болды.
Мақта — біздің мақтанышымыз. Әлгінде айтылғандай, мақта — халықтың әл-ауқатын көтеруге септігін тигізетін және бюджет қорын көбейтуде жоғары орын алатын сала. Олай болса, сол дақылды өсіретін диқандарға қолдан келген жәрдемімізді аямай, облыс халқы үшін шынында «ақ алтын» болып есептелінетін осы өсімдіктің өнімін одан әрі көбейту үшін жұмыс жасайық. Рахмет !
6. Тыңайтқыш PRO» ЖШС директоры Т.Абдуллаевтың сөзі:
Саламатсыздар құрметті қауым!
Өз саламның жаңалықтырымен таныстырсам, біз шығырған тыңайтқыш көмегімен 7 күнде ағаш бүршік жара алады. Осы мәселе бойынша Қырғызстанға барып келдім. Онда үлкен ғалымдармен келістік. Кейі осыны әкімнің, Асқар Мырзахметовқа таныстырдық. Мәселе шешілмейтін себебі қолдау жоқ. Қолымызда 17 инновациялық жоба бар. Жаңа красканың, бояудың жаңа түрін ресейден алып келдік. Тағы бір нұсқа суды өз инерциясымен 20 метрге жоғары лақтырудың жолы бар. Құжатнама түгел. Бізге спонсорлар ғана қажет. Рахмет.
7. Мақтарал аудандық мәслихатының депутаты А.Сатыбалдиевтың сөзі:
Құрметті форумға қатысушылар!
Мақтаарал ауданының негізгі мәселесі осы сала. Мақтаарал ауданында 136000 га суармалы жер бар. Ол Қазақстанның алтын қоры. Қазір 77000 га жерге мақта егілген. Ендігі айтып кететін субсидия мәселесі. Одан кейінгі мәселе мақтадан басқа дақылдар. Қазір ауданда ренаждың істемеуі себебінен жерлер сорға айналып жатыр. Соған байланысты 2500 га жер күріш дақылын егіп жатырмыз. Енді осы күрішке субсидия ала алмай отырмыз: Шардара ауданы бар, Мақтаарал ауданы бар. Бұл жердегі негізгі мәселе ауылшаруашылығы министрлігі шарты бойынша ауылшаруашылығы саласынан сертификат керек. Ал күріш шаруашылық бойынша ол бізде жоқ. Осы себеппен субсидия ала алмай отырмыз. Рахмет !
8. Мақтарал аудандық мәслихатының депутаты Қ.Сәрсекбаевтың сөзі:
Құрметті ағайындар, мазаларыңызды алмай қысқа да нұсқа айтайын. Бірінші Мақтаралы дегеннен кейін ол мақта деген сөз. Ата бабамыз 100 жылдан бері осымен келе жатыр. Оны егу керек. Ол жерде 300-ден астам халқы бар ел тұрады. Оларға жұмыс керек. Сол жұмысты қолдар отырмын.
9. Төлеби аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Қ.Әшірбековтың сөзі:
Құрметті жиынға қатысушылар, бүгінгі тақырып тікелей Оңтүстік үшін маңызды. Мақта , әрине, маңызды дүние. Біздің еліміз үшін экспортқа шығатын тікелей жоғарғы көрсеткіштегі бірден-бір шикізат. Әрине, өкініштісі сол, ол толық қанды кластерлік дәрежеге жеткен жоқ. Дегенменде мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға, ғылыми ізденістерге, практикалық шараларға, қалыптасқан жағдайларғ байланысты қарастыруға болады. Менің өзімнің қызметтік салама келетін болсам админстраторлық қызметте жұмыс жасаймын. Мен мақтаның маманы емеспін.Бірақ дегенменде бір нәрсені ұғынуымыз керек. Кәсіпкерліктің негізгі міндеті қортындысында үлкен өнімділікке жету. Ол үшін ғылыми ізденіс керек, мемлекеттік қолдау керек және ең бастысы еңбек керек. Еңбекқор халық бар жерде жұмыссыздық жоқ. Міні басты принцип осыда. Құрметті жастар! Кәсіпкерлік іс-әрекеттен тұрады. Әрбіріміз іс-әрекетімізге жауап беретін болсақ, мемлекетіміз кемелденген, гүлденген болашағы керемет болады деп сенеміз.
10. Мақтарал аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Н.Бақтияровтың сөзі:
Саламатсыздар ма форумға жиналған қауым! Мен мақта генералдары туралы ешнәрсе алып қосарым жоқ. Мен сіздерге Мақтарал мен бізден беруші жәрдемдер туралы айтып өтсем. Ауданда 300 мыңнан астам халық бар, оның 30 мыңы кәсіпкер. 20 мыңнан астамы дихандар қауымы. Биыл 77 мың гектарға мақта егілді. Негізінде 137 мың гектар бар, соның 70 пайызынан мақтаны егуді сақтап қалынуда. Шаруа қожалықтары мақта немесе малмен айнылысамын десе немесе техника аламыз десе көмектесе аламыз. Рахмет!