Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жаңалықтар

    Барлығы Танымал
    алдынгы жана
    келесi жана

    Сайлауда жастар белсенділік танытуы керек – Ербол Шыма

    537 26.01.2016

    Қазіргі кезде Ақтөбе облысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып келген 50-ден астам жас бар. Олар білім, денсаулық саласындағы шағын мекемелерде, бөлімшелерде еңбек етіп жүр. Сол жастарды қоғамдық, саяси шараларға қатыстырып, ел дамуына өз үлесін қосуға міндеттеу қажет. Бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының Ақтөбе облысы бойынша үйлестірушісі Ербол Шыма айтты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

    Сайлауда жастар белсенділік танытуы керек – Ербол Шыма

    Екі айдан соң Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Болашаққа жасалатын жоспар мен нақты қадамдарды осы кезден анықтауға кіріскен жастар сайлауға қолдау білдірді.

    «Қазіргі кезде Ақтөбе облысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып келген 50-ден астам жас бар. Олар білім, денсаулық саласындағы шағын бір мекемеде, бөлімшеде еңбек етіп жүр. Сол жастарды қоғамдық, саяси шараларға қатыстырып, ел дамуына өз үлесін қосуға міндеттеу қажет. Олардың білімі терең, жан-жақты, бірнеше шетел тілін еркін меңгерген. Әлемнің озық елдерінен көріп келген тәжірибесін негізге алып, ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік беру керек»,- дейді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының Ақтөбе облысы бойынша үйлестірушісі Ербол Шыма.

    Оның айтуынша, ақтөбелік белсенді жастар қалалық, облыстық мәслихатқа идеяларын айтып, бірлесе жұмыс істеп келе жатыр. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының облыс орталығында, аудандарда өкілі бар. Біз Президент сайлауында барыншы жастардың белсенді болуына ықпал еттік. Енді Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына қатысуға шақырамыз»,- дейді ол.


    http://bnews.kz/kz/news/navstrechu_viboram/sailauda_zhastar_belsendilik_tanitui_kerek__erbol_shima-2016_01_26-1249259