Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жаңалықтар

    Барлығы Танымал
    алдынгы жана
    келесi жана

    Қайырымдылық асыл қасиет

    331 12.05.2016
    ‪#‎ТвориДобро‬ жобасының кейіпкерлері осы асыл қасиеттің иелері. Атыраулық Мағауия Мерғалиев тасы өрге домалаған кәсіпкер. Тапқан табысына масаттанып, қымбат автокөлік мініп, шетел аралауға жаны құмарлардан оның басты ерекшелігі – кеудесіндегі “үлкен” жүрегі.
    Қайырымдылық асыл қасиет

    Құлсары төрінде көктем келісімен жаңа балабақша қолданысқа берілді. Мемлекет қаржысына емес, меценат қаржысына бой көтерген. 165 құлсарылық кішкентайлардың білім, тәрбие алуына бар жағдай жасалған. Заманауи техника, сәнді жихазбен жабдықталған. Мұнтаздай таза, әдемі әрленген ғимарат. Іргетасынан бастап, әрбір қаланған кірпішіне дейін, коммуникациялық желілерінің тартылуы да Мағауияның тікелей қадағалауымен жүзеге асты. Себебі бұл кәсіпкер үшін кезекті құрылыс нысаны емес. Бұл оның балалық шағында анасына берген уәдесі. Мағауияның анасы балабақшадағы тәрбиешілік қызметке өмірін арнаған адам. Анасының өз кәсібіне деген махаббатын бала жүрек сезсе керек: “Ер жеткенде мен саған балабақша салып беремін”,-деп кішкентай Мағауия сөз береді. Арада жылдар өтті, анасы күнделікті тірлікпен бұл айтылған “арманды” ұмыта да бастады. Алайда Мағауия “ер екі сөйлемейтінін” құлағына құйып өскен бала. Сондықтан берген уәдесі ұдайы оның жадында болды. Тек жадында ғана емес, ол осы ойын жүзеге асыруды мақсат қылып қойды. Орындады. Мағауия жарады!!!


    Мағауияның жомарттығы кәсібін дөңгелеткен көп байларға үлгі боларлық. Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады дейді дана халқымыз.

    Мейірімді, қайырымды болайық! Жақсылық жасайық!

    #ТвориДобро ‪#‎Қазақстан2050‬ ‪#‎kz2050‬ ‪#‎Атырау‬ ‪#‎Atyrau‬