Қарағанды қалалық #АзаматтықКеңесі
Электр қуатына қатысты тариф өзгертілмейді. Есесіне бұл ретте заңда қарастырылған жеңілдіктер енгізіледі. Атап айтқанда, коммуналдық шығын көлемі жанұя табысының 6 пайызынан артық болса, мемлекеттік жәрдемақы төленбек.
Қарағанды қаласының бірнеше шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің электрқуатының төлемі Азаматтық кеңестің осы жолғы отырысында тағы әңгіме болды. Ыстык судан, жылудан және газдан ажыратылган көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары электрқуатына ондаған есе көп шығынданатын болғандықтан бұл мәселе жылдар бойы шешілмей келе жатыр. Кездесуге «Монополияға қарсы жане бәсекелестікті реттеу баскармасының» басшысы Асқар Жапсарбай, «Қарағанды Жарық» ЖШС директоры Анна Гордеева, «Қарағанды Жылу Сбыт» ЖШС директоры Рустам Ахметов және “Қазақстан 2050” Жалпыұлттық қозғалысының #АзаматтықКеңес төрағасы Ермек Әбілдин мен кеңес мүшелері қатысты. Асқар Жапсарбай жиын барысында электр қуатының төлемін азайтуға мүмкіндік бар екендігін, монополист компаниялар бизнестің экономикалық тиімділік жағын есептегенімен, тұтынушылардың заңды құқығын аяқасты етуге болмайтынын ескертті.. «Қарағанды Жылу Сбыт» ЖШС директоры Рустам Ахметов, тұтынушылардың коммуналдық төлемақыға жұмсалатын шығыны, алатын айлық жалақысының 6 пайызынан асып жығылса - мемлекеттен тұрғын үй-коммуналдық жәрдемақы алуға құқылы екендігін еске салды. Бұл да келешекте ескерілетін жағдайдың бірі. Сондықтан, жылу мен газдан ажыратылған көп қабатты үйлерге орташа есептік көрсеткіш бойынша тариф тағайындау керек немесе мемлекеттен тұрғын үй коммуналдық жәрдемақы төлеу керек деген ұйғарымға келді. Бұл тақырып республикалық “Шалқар” радиотолқынындағы “Азаматтық Кеңес” бағдарламасының кезекті шығарылымына да арқау болды.