Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жаңалықтар

    Барлығы Танымал
    алдынгы жана
    келесi жана

    Қазақстанда 15 мыңнан астам дауыс жинаған онлайн-петицияны Үкімет деңгейінде қарау туралы бастама көтерілді

    681 30.06.2016
    Бүгін Астанада «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы республикамызда ресми онлайн-петиция институтын енгізу жөнінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырды. Бастамашылар онлайн-петицияны заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынып, осыған байланысты жобаның тұжырымдамасын да таныстырды.
    Қазақстанда 15 мыңнан астам дауыс жинаған онлайн-петицияны Үкімет деңгейінде қарау туралы бастама көтерілді

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда онлайн-петицияны енгізуге бірқатар алғышарттар қалыптасып отыр. «Біріншіден, еліміздегі халықтың интернетке қолжетімділігі 50 пайыздан асқан, жұртшылықтың әлеуметтік желілердегі белсенділігі жоғары. Екіншіден, өзекті мәселелерге қатысты қоғамдық пікірдің уақытылы, маңызды әрі объективті өлшемін алып отыруға мемлекеттің өзі де мүдделі. Үшіншіден, қазақстандықтардың қоғамдық-маңызды мәселелер бойынша өз пікірлерін айтуға белсенділігі артып келеді, ондай шешімдерді қабылдауға араласуға да жұртшылық дайын», - дейді қозғалыс мүшелері.

    Бұдан бөлек, бастамашылар онлайн-петицияны жүзеге асыру тетіктерін де әзірлеген. Мәселен, олар петицияны ұсыну құқығына электрондық үкімет порталы арқылы электрондық қолтаңбасы бар Қазақстан азаматтары ие болулары керек деп санайды. Осыдан кейін, петиция оның мазмұнының заңдылығына қатысты модерациядан өтуі керек. Модерациядан соң алпыс күн ішінде жалпы дауыс беру үшін жариялануы қажет. Ал дауыс беруге қазақстандықтар ЖСН және ЭЦҚ арқылы қатыса алады. Сонымен қатар, олар бұл қарарды әлеуметтік желілер арқылы жылжыта алады.   

    «Өңірлік петициялар үшін 5 мыңнан астам дауыс жинау да жеткілікті, осы арқылы жергілікті атқарушы органдар ондағы мәселені қараулары керек. Ал республикалық бастамалар үшін 15 мыңнан астам дауыс жиналуы қажет. Бұл ретте мемлекеттік органдар петицияны 30 күннен аспайтын уақыт аралығында қарауға тиіс. Бұдан соң ондағы мәселе бойынша қоғамдық кеңестер мен бастамашыларды тарта отырып, тыңдаулар өткізіледі. Бұқаралық есеп пен ресми жауап электрондық үкімет сайтында жариялануы шарт», - дейді жалпыұлттық қозғалыс өкілдері.

    Айта кетейік, онлайн-петиция көптеген батыс елдерінде іске қосылған. Мәселен, Ұлыбританияда азаматтардың осындай үндеулерін ресми мойындауды 2016 жылы, Германия мен АҚШ - 2011 жылдан бері жүзеге асырып келеді. АҚШ-та 25 мыңнан астам дауыс жинаған онлайн-петицияға Ақ үйдің жауап беруінен кейін жұртшылық арасында бұл тетік кеңінен таныла бастады. Айта кетерлігі, онда АҚШ тұрғындары «Жұлдыздар соғысы» фильмінен кейін «Жұлдызды өлім» құрылысын салу туралы петицияға қол қойған болатын. Ал АҚШ Үкіметі экономикалық салдарға сілтеме жасай отырып, әлгіндей бастаманы жүзеге асырудан бас тартқан еді.

    АСТАНА. ҚазАқпарат.

    Автор: Қанат Мәметқазыұлы

     Басты сөздер: Азаматтық қоғам , Адам құқығы , ҚР Үкіметі