Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жаңалықтар

    Барлығы Танымал
    алдынгы жана
    келесi жана

    Қазақстанда ресми онлайн-петициялар институты құрылуы мүмкін

    635 30.06.2016
    Жоба бүгін алғашқы қоғамдық талқылаудан өтті. Жұмысы қарапайым. Ел азаматтары оған электронды үкімет порталы арқылы ұжымдық өтініштерін онлайн режимде жөнелтеді.  Бірақ порталда 60 күннің орайында қолдаушыларын тауып, белгілі мөлшерде дауыс жинауы шарт.
    Қазақстанда ресми онлайн-петициялар институты құрылуы мүмкін

    Жергілікті деңгейдегі мәселе болса 5000 дауыс, ал Үкімет немесе Парламент деңгейінде талқыланатын өтініш болса, 15000 дауысқа ие болуы тиіс. Тек осыдан кейін ұжымдық өтінішке құзырлы органдар 30 күн ішінде жауап беруге міндетті болады.  Айта кетейік, ұлт араздығын тудыратын немесе заңға қайшы петициялар үкіметтік порталға қабылданбайды. 

     

    Данат Жұмин, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының төрағасы

     

    -Біз Америка Құрама Штаттарының, Финляндия, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Украина және басқа да онлайн-петиция институты енгізілген мемлекеттердің тәжірбиесін зерттеп көрдік. Мұндай жүйедегі өтініштер екі жаққа да тиімді. Үкімет халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерден ресми түрде хабардар болса, халық өз сауалына тиісті деңгейдегі органнан жауап алатын болады. Біздің жоба мемлекет тарапынан қолдау табады деген ойдамыз. 

    Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/59092-aza-standa-resmi-onlajn-petitsiyalar-instituty-ryluy-m-mkin