25 игі іс эстафетасы жалғасты
Елордалық Ана мен бала ғылыми орталығына қарасты онкологиялық бөлім бүлдіршіндері "Менің астанам" атты экскурсияға шықты. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 игі іс" эстафетасы әлеуеттік жобасы аясында жүзеге асып отыр. Бастамашылары: «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы мен "Самұрық траст" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Бүгін эстафета аясында қалалық азаматтық кеңес мүшесі Рустам Итеміров өз қаражатына балаларға Елорданы аралатып, дастархан жайды.
Фарида Абу, ата-ана: Өте қызықты шара өткізіліп жатыр. Бізге, балаларға өте ұнап жатыр. Себебі біздің еміміз өте күрделі, емханада бізге химиотерапия салынады, білсеңіз. Сол үшін балаларға арасында бір мезгіл сергіп қайту - ол өте қажет. Және де осыны ескеріп, ұйымдастырып отырған жандарға шексіз алғысымды білдіргім келеді.
Райхан Жұбаева, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз хатшысы: 25 қана қайырымды іспен шектеліп қалмаймыз. Себебі "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысының мүшесі 25 қайырымды іс жасағаннан кейін, бұл аймақтарға таратылатын болады. Әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА
При использовании текстовых, аудио-, фото- и видеоматериалов ASTANATV.KZ в любых целях, гиперссылка на веб-сайт ASTANATV.KZ обязательна http://www.astanatv.kz/news/show/id/51448.html
© Astana TV
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА
При использовании текстовых, аудио-, фото- и видеоматериалов ASTANATV.KZ в любых целях, гиперссылка на веб-сайт ASTANATV.KZ обязательна http://www.astanatv.kz/news/show/id/51448.html
© Astana TV