«Zhangyru» корпоративтік оқыту» жобасының тұсаукесері өтті
«Zhangyru» корпоративтік оқыту» жобасының қатысушылары өз мақсаттары мен міндеттерін жүйелей білуді үйренеді, өз эмоционалдық жағдайы мен бизнесті басқару стратегиялары туралы білім алады. Жеке құндылықтарын ашып, жобаларды басқаруда жаңаша тәсілдерді жүзеге асыруды үйренеді. «SamrukKazynaTrust» Қорының басқарушы директоры – Лима Диастың сөзінше: «Zhangyru» корпоративтік оқыту» 12 күндік тренинг түрінде ақысыз арнайы шақырылған жетекші тренерлермен 3 модуль бойынша өтеді:
- Жеке көшбасшылық – көшбасшылық, self-менеджментжеке нәтижелілік, эмоционалды ақыл-парасат, networking/тиімді байланыс, тиімді ойлау техникасы;
- Бизнес – project management, кәсіпкерліктегі заңнамалық, маркетинг, үнемді өндіріс, конфликтология;
- Үкіметтік емес ұйымдар - fundrising, non-profit management.
Жоба серіктесі «GenevaBusinessSchool» Өкілдігі» АҚ басшысының орынбасары - Айжан Тусупбекованың мәліметінше, тренинг қорытындысы бойынша барлық қатысушылар «Zhangyru» корпоративтік оқыту» курсын өткені туралы сертификатқа ие болады, ал үздік деп танылған 4 қатысушы жоба серіктесі «GenevaBusinessSchool» Өкілдігі» АҚ ұсынған сыйлықтарды иемденеді:
1 орын – MBA бағдарламасы бойынша білім беру гранты (1 д.)
2 орын – MBA бағдарламасы бойынша білім алуға 75% жеңілдік (1 д.)
3 орын – MBA бағдарламасы бойынша білім алуға 50 % жеңілдік (1 д. )
4 орын – MBA бағдарламасы бойынша оқуға 25% жеңілдік (1 д.)