Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жобалар

    Барлығы Аяқталған Ағымдағы
    алдынгы жоба
    келесi жоба
    Критикалық ойлау жөніндегі конференция

    Критикалық ойлау жөніндегі конференция

    2014 жылғы 27 наурызда Астана қаласында «Қазақстанның білім саласындағы критикалық ойлау» бейресми конференциясы өтті.
    Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
    Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387

    Аталмыш термин білім беру мекемелерінде жиі қолданылып жүр, алайда бұл не екендігін және оның Қазақстандағы білім саласымен қандай байланысы бар екендігін анықтау үшін Қозғалыс бейне-таныстыру көрсетіп, қатысушы спикерлердің төмендегі тақырыптар бойынша сөз сөйлеуін өтінді: 

    · Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы, ҚР Білім және ғылым Министрі - «Орта білім беру мазмұнын жаңарту»

    · Әйтімова Бірғаным Сарықызы, ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы– «Саясат пен дипломатиядағы сыни ойлау»

    · Мұрзабекова Гаухар Құрманбекқызы,«Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік классикалық музыка оркестрінің көркемдік жетекшісі-директоры – «Өнердегі сыни ойлау»

    · Қожахметов Асылбек Базарбайұлы, Халықаралық Бизнес Академиясының президент-ректоры  -  «Жоғары білім беру саласындағы сыни ойлау»

    · Линн Парментер, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған деканы – «Білім беру саласындағы сыни ойлауды дамытудың халықаралық тәжірибесі»

    Конференцияда қатысушылар «критикалық ойлау» терминімен танысып,  ҚР-ның білім саласындағы сыни ойлаудың болашағын сарапшылардың талдағанына куә болды. Сондай-ақ олар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде спикерлерге сұрақ қойды.

    Бейнетаспа сілтемесі: www.24.kz