«Елдің күші - бақытты отбасы» жобасы
«Елдің күші - бақытты отбасы» жобасы отбасылық құндылықтар негізінде аулалық одақтарды жаңғыртуды көздеді. Жоба жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен өзара ықпалдастық қағидасын ұстанатын жергілікті қауымдастықтың келелі мәселелерін шешуге белсенді қатысатын шағын әлеуметтің үлгісін жаңғыртуға және қайта құруға жол ашады.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
Жоба балаларды, жасөспірімдерді, жастарды тарта отыра ақпараттық парақшалар, депутаттармен, мемлекет қайраткерлерімен, «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өткізу және балаларға арналған іс-шараларға шақыру арқылы үлкендерге ықпал етуді көздеді. Осылайша, 65 ауланың тұрғындарына қандай да болсын іске бір кісідей жұмыла білу әдіс-тәсілдері көрсетіліп, әрі қарай оны өздері пайдалана алатын болады.
Жоба барысында Қазақстанның 16 қаласындағы 65 аулада жалпы саны 780 іс-шара өткізілді.