Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жобалар

    Барлығы Аяқталған Ағымдағы
    алдынгы жоба
    келесi жоба
    «Зияткер ұрпақ» республикалық жобасы

    «Зияткер ұрпақ» республикалық жобасы

    «Зияткер ұрпақ» жобасы еліміздің ауылды жерлеріндегі өскелең ұрпаққа тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өзін дамыту, кәсіби бағдарын анықтау, жеке қабілетінің ашылуына және дамуына ықпал ететін алаң құру, жоғарғы сынып оқушыларының азаматтық белсенділігін, оқуда, кейін қызметте жетістікке жету үшін ынтасын арттыру, өз қарымына деген сенімін нығайту мақсатында 2014 жылы басталды.

    2016 жылдан «Зияткер ұрпақ» жобасының бағдары өзгерді. Жобаға еліміздегі түрлі кәсіп саласының табысты өкілдері қатыса алады. Өзінің табыс жолымен, жетістікке қол жеткізу тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпаққа асқақ арманға жетелер рух бергісі келетін кез келген адам «халық ағартушылары» қатарына қосыла алады. Сонымен қатар, Жобада ауыл мектептерімен бірге, қалалық жалпы білім беру ұйымдары да қамтылады. 

    Жобаға қатысу үшін  келесі сілтеме бойынша өтіп, сауалнама сұрақтарына жауап беруіңіз керек

    https://docs.google.com/…/1wxcC3rSjRi84epIogDZvVY…/viewform…

     



    Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
    Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387

    «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында ынталандыратын шағын тренингтер мен «сұрақ-жауап» форматтарындағы шеберлік сабақтары өтеді. Оларды еліміздегі түрлі кәсіп саласының табысты өкілдері жүргізеді. Биік белестерді бағындырған бұл Қазақстан азаматтары, олардың өнегесі жас түлектерге үлгі болып, оқуында әрі болашақ мамандығы бойынша жетістіктерге жол бастайды деп көзделіп отыр.

    Аталмыш тұлғалар өткізетін шеберлік сабақтары спикердің табысқа жету тарихы хақында да, ынталандыратын тренинг сипатында да бола алады. Сондай-ақ ЖОО-на түсу, оқу гранттарын, білім қарыздарын алу, мансап баспалдағын дұрыс құру, қажет машықтарды меңгеру тақырыптары шеберлік сабақтарына арқау бола алады. Шеберлік сабақтары жалпы білім беру мектептері базасында тегін өткізілмек.

     

    Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары

     

    Күтілетін нәтиже:

    Шеберлік сабақтарын өткізу нәтижесінде жастардың жеке қабілетінің ашылуына, оқуда және болашақ қызмет жолында жетістікке жету ынтасын арттыруға жағдай жасалады.   

     

    Медиа-қолдау:

    -   Өтетін шеберлік сабақтары туралы сайтта, әлеуметтік желілерде, фейсбукте, БАҚ-да хабарландыру беру;

    -     Жобаның жүзеге асырылу барысын электронды БАҚ-да және баспасөзде жариялау;

    - Шеберлік сабақтарының қорытындысы бойынша электронды БАҚ-да және баспасөзде фотосуреттер, сұхбаттар, жобаға қатысушылардың пікірлері мен тілектерін орналастыру.


    Аймақтардағы «Зияткер ұрпақ» жобасының 2014 жылдан бергі нәтижесі!   

    Жоба жүзеге асырыла бастағаннан бері Қазақстанның 300-ге жуық танымал тұлғалары ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептеріне барып, кездесу өткізді. Олар жоғарғы сынып оқушыларымен өздерінің білімдерін бөлісу, жетістік шыңына шығу тәжірибесін әңгімелеу арқылы жарқын болашақ әркімнің өз қолында екенін жас ұрпаққа түсіндіріп, сенімдерін арттырды.

    Мұрат Әбенов (Қоғам қайраткері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы). 

    Қарағанды облысы Мичурин ауданы Агроқалашық ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп 



    Азамат Сатыбалды (театр және кино актері, шоумен).

    Қарағанды облысы  Қорғаты ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп 



    Әнуар Нұрпейісов (Актер, «Астана жастары» ҚММ жетекшісі). 

    Қарағанды облысы Ақбел ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп  



    Ерлан Қарин (Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының Директоры ).

    Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп 




    Есен Елеукен ( «Қазақстан КВН Одағы» президенті). 

    Орал қаласы Желаево елді мекені жалпы орта білім беретін мектеп