
«Сәби жүрегі» кітабы
2012 жылы ғана Қазақстанда туабітті жүрек ақауы бар 2 697 нәресте дүниеге келді. Олардың 40%-ына өмірінің алғашқы жылында ота жасау қажеттігі туындады, оның ішінде 539 нәрестеге дүниеге келген сәтінде-ақ ота жасау қажет болды.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
Туабітті жүрек ақауы бар балаларға көмектесу үшін, алдымен, ата-аналарын оқыту қажет. Қозғалыстың қолында «Сәби жүрегі. Туабітті жүрек ақауы туралы ата-анаға арналған кітап» құралы бар. Оқу құралында туабітті жүрек ақауының негізгі түрлері мен емдеу тәсілдері түсінікті тілмен баяндалады, жүрек ақауларының пайда болу себептері және тұқым қуалаушылық арқылы берілу қаупі мәселелері қозғалған.Алайда бұл кітап тек орыс тілінде ғана еді, ал мемлекеттік тілдегі нұсқасы жоқ болатын.
Сондықтан кітапты қазақ тіліне аударуды қолға алып, көмектесуге ниет білдірген еріктілердің арқасында ісімізді ойдағыдай аяқтадық. Кітап орыс және қазақ тілдерінде басып шығарылып, жүрекке ота жасалатын 12 орталықтарға таратылды. Кітаптың электронды нұсқасы еркін жүктеп алу үшін ғаламторға шығарылды.