
"Жемқорлықсыз өмір" қысқаметражды фильмі
Фильмді түсіруге «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көңіл-күйді қалыптастыруға деген ниеті түрткі болды. Туындының режиссері Қозғалыс белсендісі, киносүйер қауымға «Он и Она» фильмі арқылы жақсы таныс дарынды режиссер Сәкен Жолдас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы HD форматындағы алғашқы бейнеролик Барселонада (Испания) көркемделіп, Сеул (Оңтүстік Корея) мен Лондонда (Ұлыбритания) дыбысталған.
«Жемқорлық дегеніміз жәй ғана мәселе емес, бұл ел болашағына төнген үлкен қауіп. Сотталулар, қатаң сот үкімі әрине, маңызды, бірақ олар бұл түйткілді толығымен шеше алмайды. Мәселен, Қытайда, пара үшін ату жазасына кесіледі, бірақ парақорлық бұл елде жойылып кеткен жоқ. Адамдар қорыққанмен, ұрлауын тимай келеді. Сондықтан, жемқорлықтан құтылудың амалы, тек оған әкеліп соқтыратын жағдайларды болдырмау. «Қазақстан 2050» Стратегиясында бұл мәселе тігінен қойылған және олар шешілуде. Алайда, тек мемлекеттік органдар ғана емес, бұл жұмысқа бүкіл қоғам болып жұмыла, кірісуіміз керек. Ең алдымен бұл үшін халықтың бойында жемқорлыққа деген жиіркенішті туғызуымыз керек. Адал болып, елге қызмет етіп, өз күшіңмен еңбек ету зор беделге ие болуы тиіс. Елбасы да бізді осыған шақырады, бұл келешегімізге де керек», деп «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының Кеңес төрағасы Данат Жұмин атап өтті.
«Жемқорлықсыз өмір» фильмі екі бірдей Kinopark кинотеатрында көрсетіледі, сондай-ақ, ғаламторда, қозғалыстың ресми YouTube арнасында және әлеуметтік желілерде жарияланады. Қозғалыстың белсенділері ең алдымен жастарды жемқорлықсыз өмір сүруге шақырғысы келеді.