Talks2050: Еліміздің болашағы туралы айтамыз
Үш сағаттан аз уақыт ішінде әр түрлі салада жүрген мамандардың 2050 жылғы еліміздің даму көрсеткіші жайлы болжамдарын тыңдап, болашаққа көз жүгірте аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
Қазақстан 2050 жылы қай биіктен көрінбек? Еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайы қандай деңгейде болады екен? 2050 жылды еншілеген ұрпақ бізге қарағанда бақытты, бақуатты бола ала ма? Олар қай тілде сөйлесіп, қайда өмір сүруі мүмкін? Олар ортақ құндылықтар ретінде нені мойындауы мүмкін?
Осы және елдің, қоғамның болашағына, оның даму қарқынын болжауға қатысты басқа да сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Ол жоғары кәсіби тәжірибені, биік өрелі танымды, ең бастысы, ел мен қоғамның ертеңгі тағдыры үшін жауапкершілікті қажет етеді. «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы осы міндетті мойнына алуға қабілетті азаматтарға өз ой-көзқарастарын ортаға салатын ашық алаң ұсынбақшы. Осы мақсатта Қозғалыс ҚР мәдениет және спорт министрлігі, білім және ғылым министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлесе 2014 жылдың 25 қазанында Алматы қаласында «Talks 2050: Еліміздің болашағы туралы айтамыз» атты форум ұйымдастырды.
Форум бағдарламасы екі бөлімнен тұрады. Форумның бірінші бөлімі TED конференция форматына негізделді – өзекті тақырыптар төңірегінде ой өрбітуге, ғылыми-техникалық жетістіктерді көрсетуге, өмірлік тәжірибесі мол әрі ерекше адамдардың өзін танытуына мүмкіндік беретін шоу. Форумның бұл бөлімінде 10 спикерге сөз берілмек. Әр спикерге берілген уақыт 15 минуттан аспайды. Осылайша, конференцияға қатысушылар үш сағаттан аз уақыт ішінде ұлттық қауіпсіздік, демография, білім, экология, инновациялық технологиялар, ғылым, мәдениет, тағы да басқа салаларда жүрген мамандардың 2050 жылғы еліміздің даму көрсеткіші жайлы болжамдарын тыңдап, болашаққа көз жүгірте алды.
Форумның екінші бөлімі – топпен жұмыс – World Café форматында ұйымдастырылды. World Café форматы – бұл мәселелерді кофе ішіп отырып, үстел басында, еркін талқылауды көздейтін әдіс. Бұл әдіс кешенді мәселелерді шешу, бірнеше сұрақтарға жауап алу, айрықша шешімдер қабылдау, түрлі көзқарастарды бір арнаға тоғыстыру, тәжірибе алмасу, тағы да басқа түйткілдердің басын ашу үшін қолданылады. Форум шеңберінде 40 адамнан тұратын төрт топ жұмыс істейді. Олардың әрқайсына алға тартылған мәселенің шешімін, сұрақтың жауабын табу міндеті жүктелді.
Жоспарлауымызша, форумға қатысатындар саны 200 адамға жетуі тиіс – олардың басым бөлігі «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен қаланың белсенді тұрғындары.