Қазақстанда сараптамалық аналитиканы дамыту және қолдау бағдарламасы
«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, Ой орталығы жұмысының аясында, Қазақстанда сараптамалық аналитиканы дамыту және қолдау бағдарламасын бастап, жүзеге асырылды.
Бағдарлама зерттеушілерге еліміздің 2050 жылға дейінгі даму мәселелерінің өзекті тұстарына қатысты зерттеулер жүргізуге көмектесетін және ықпал ететін қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Қазақстанда сараптамалық аналитиканы дамыту және қолдау бағдарламасы өз қызметтерін ұсынды:
1. Зерттеу мәліметтерін алу
Бағдарлама қатысушыларын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арқылы қол жеткізуге болатын қажетті жедел, статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету жұмысын Қозғалыс өз мойнына алды.
2. Сарапшылармен кездесу ұйымдастыру
Қозғалыс қатысушыларға танымал салалық сарапшылардан және мамандардан кеңес алу үшін кездесу ұйымдастыруға қолдау көрсетті.
3. Кері байланыс орнату бойынша қызмет
Бағдарлама қатысушылары, қажеттілігіне қарай, өз зерттеулері бойынша салалық сарапшылармен немесе Бағдарламаның басқа да қатысушыларымен кері байланыс орнатуға қатысты сұрау сала алды.
4. БАҚ-на материалдар жариялау
Қозғалыс зерттеу нәтижелерін ақпарат құралдарында жариялауға көмектесті.
Егер Бағдарламаға қатысқыңыз келсе, онда:
1. Бағдарлама аясында ұсынылатын қызмет шарттарымен танысыңыз.
2. Онлайн өтінімді толтырыңыз.
3. Зерттеу жұмысыңыздың жобасын электронды мекен-жайына жіберіңіз.