«Мемлекеттіліктің даңғыл жолы» жобасы
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Қозғалыс белсенділері Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері көрініс тапқан инфокескіндемелер топтамасын әзірледі.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
2015 жыл – қазақ мемлекеттілігін нығайтуға ықпал ететін айтулы дата белгіленген мерейтойлы жыл. Яғни, биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады... Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды. Біз – бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушыларымыз» – деп баса айтқан болатын.
Осыған орай, құрамында Қазақстан тарихы, кескіндемелік дизайн, білім беру саласының сарапшылары бар Қозғалыс белсенділерінің тобы инфокескіндемелер топтамасын жасап шығаруды ұйғарды. Бұл топтамада Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихының басты кезеңдері көрініс тапқан.
Топтамадағы тоғыз инфокескіндеменің алғашқысын Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Ал жалғасы әр апта сайын Қозғалыстың ресми сайтында және Facebook парақшасында жарияланды.