Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жобалар

    Барлығы Аяқталған Ағымдағы
    алдынгы жоба
    келесi жоба
    #Zhenys70 онлайн фотоакциясы

    #Zhenys70 онлайн фотоакциясы

    Cоғыс жылдарындағы қазақстан халқының ерлігіне, майданда және тылда жанкештілік көрсеткен ардагерлерге тағзым ету, өскелең ұрпақ бойында еліміздің бейбіт өмірі үшін азаматтық жауапкершілігін нығайту.
    Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
    Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387


    «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында #Zhenys70 онлайн фотоакциясын жариялады. Қозғалыс белсенділері, республикалық акция арқылы соғыс жылдарындағы қазақстан халқының ерлігіне тағзым етіп, майданда және тылда жанкештілік көрсеткен ардагерлерге деген сыйластық сезімін білдіріп, өскелең ұрпақ бойында еліміздің бейбіт өмірі үшін азаматтық жауапкершілігін нығайтуды көздеген болатын.

        «Соғыс мыңдаған отбасылардың өмірін ойсыратып кетті. Еліміздің әрбір шаңырағы, әрбір көшесі соғыс тарихынан сыр шертеді десек артық айтқандық емес. Кей ардагерлер майданда қан кешсе, кейбірі тылда тынымсыз еңбек етіп, жеңіс күнін жақындатып, ерлік көрсетті. Соғыс тарихы айналамызда, біз де соның бір бөлігіміз. Ендеше барлығыңыздан соғыс жылдарындағы зұлмат уақыттан сыр шертетін, отбасылық альбомыңыздағы көне суреттерді жариялауыңызды сұраймыз. Олар міндетті түрде ардагерлердің суреттері болуы шарт емес. Сол заманның тынысын бейнелейтін кез-келген сурет болса болғаны, - дейді «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры Қанат Әуесбай.          

          Суреттерді қатысушының инстаграмдағы жеке профайлында немесе түрлі топтарда #Zhenys70 тэгімен бірге жарияланды. Суреттер 2015 жылдың 9 мамырына дейін жарияланып, нәтижесінде, ең көп лайк жинаған фотосуретті жариялаушы Iphone 6 телефонын жеңіп алды. Фотосуреттерді инстаграмнан өзге де желілерде шығарылды.

    Ескерту !!! Суреттер интернеттен алыну мүмкіндігі бар. Алайда ол фотобейненің Сіздің отбасыңызға тікелей қатысы болуы шарт. Сіздің отбасыңызға еш қатысы жоқ суреттер байқауға қатыстырылмады.