Республикалық "Менің елім" автомотошеруі
«Менiң Елiм» республикалық автомотожарысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылған. Жоба ұшы-қиырсыз отанымыздағы түрлі ұлттар мен конфессиялардың әр түрлі облыстардан келген өкілдері – жастардың арасында достық қарым-қатынас пен байланыс орнату және кездесулер арқылы көпұлтты еліміздің біртұтастық идеясын қолдауды көздеді. Бұл ұран Елбасының "Нұр Отан" партиясының XVI съезіндегі сөздерімен үндесіп жатыр. Онда Елбасы басты мақсатты бағдарға алу қажеттігі, қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық құндылықтар – заңның үстемдігі мен мемлекеттік ұстанымдарды өздерінің этникалық тәртіп үлгісінен жоғары қоюы керектігі жайлы атап өткен еді.
Бұл ерекше жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының негізіне Елбасы салған идеяларды жас ұрпаққа әсерлі, қолжетімді әрі түсінікті тәсілмен жеткізу ісіне Қазақстан жастарының белсенді бөлігін тартуға мүмкіндік береді.
Мотожарыс Қазақстанның 20-дан астам қалалары (Атырау, Орал, Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы, Үшарал, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар, Астана, Зеренді, Қостанай) мен елді-мекендері шеңберінде өтті. Автомотожарыстың жолдағы жалпы уақыты 18 күн. Жалпы жүріп өткен жолы 8500 шақырымды құрады.
Көліктердің басты легі Атырау қаласынан шығып, жол бойында қосылған автомото қозғалысымен қызыға айналысатын спортшылармен толыға отыра, еліміздің қалаларымен жүріп өтті. Жарысқа қатысушы автокөліктер мен мотоциклдарға, ілесіп жүретін машиналарға айрықша белгілер, жарыс таңбасы мен демеушілердің логотиптері бейнеленген жалаулар орнатылды. Қатысушылар мен жолда қосылған мотоциклшілерге жарыстың атауы мен логотипі бейнеленген жейделер таратылды. Мотоқауымдастық пен еліміздің қалаларындағы ынталы топтар, ұйымдастырушы мотоклубтың өтініші бойынша, жарысқа қатысушылар өз қаласының тұсынан өткенде кездесу өткізіп, оларды тынығу орындарына орналастырды.
Осы тұста басқа аймақтардан қосылуға ниет білдірген мотоциклшілер негізгі лекпен танысып, кездесіп, әрі қарай оларға ілесуге мүмкіндік туды.