
"Қазақстан 2050" ақпараттық-білім беру орталығы
27 мамырда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Қазақстан 2050» республикалық ақпараттық-білім беру орталығы ашылды. «Қазақстан 2050» республикалық ақпараттық-білім беру орталығы – «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген «Мәңгілік Ел» біртұтас ұлтты құру, азаматтық саналылық пен құндылықтар идеясын дамытуға бағытталған коммуникативтік диалог алаңы. Орталық қызметі патриотизм рухына тәрбиеленген интернационалды жастарды заманға сай креативті тұлға ретінде дамытуға ықпал ететін ақпараттық және ағарту ортасын қалыптастыруға бағытталған. Орталықтың міндеттері – түрлі ұлт жастарының білім деңгейі мен біліктілігін арттыруға ықпал ету, толерантты орта қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсат- міндеттерге қол жеткізу үшін орталықта «Vision - 2050» стратегиялық ақпараттық науқаны, республиканың әр түкпірінен ауыл және қала жастарының қатысуымен «voices of Youth» (жастар үні) онлайн-аудио-форумы, «Green nature – 2050» табиғат аясында пікірталас түріндегі кездесулер, «Ақылды экономика» тақырыбындағы телекөпір, «Болашақты басқар!» жастар интернационалдық форумы, «Мәңгілік ел» студенттік ғылыми-этнографиялық экспедициясы жүзеге асырылды. Барлық ақпараттық және білім беру шаралары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтті. Болашақта Қазақстанның барлық аймақтарындағы жоғары оқу орындарында ақпараттық орталықтар желісін құру көзделуде.