Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жобалар

    Барлығы Аяқталған Ағымдағы
    алдынгы жоба
    келесi жоба
    "Өз кәсібінің үздігі"

    "Өз кәсібінің үздігі"

    “Өз кәсібінің үздігі” республикалық байқауын ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырысымен  “Қазақстан 2050” Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырды.  Байқау мақсаты жұмысшы мамандықтарының замануи, жаңаша имиджін қалыптастыруға бағытталған.

     Бұл - талантты әрі кәсіби тұрғыда өсуге ұмтылған, жас ұрпаққа үлгі бола білетін жас мамандарға, өз еңбегін, кәсібін бағалаудың үлгісі болатындарға арналған идеологиялық байқау.  Жұмысшы мамандағын таңдаған жастар ешбір қиындықсыз жұмыс табады, қызметке тұруда да кедергі жоқ.

    Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
    Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387

    Байқауға қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 10 қыркүйегінен бастап, 10 қазанға дейін қабылданды.

    155 үміткерден байқауға қатысуға өтініш келіп түсті.  10 аталым бойынша, 20  жеңімпаз анықталды.  Олардың қатарында Үздік сантехник, технолог, қоғамдық көлік жүргізушісі, токарь, тігінші, кран жүргізушісі, дәнекерлеуші, сылақшы, темір ұстасы, электрик.  Сондай-ақ жеңімпаздар қатарында тек орта техникалық білімі барлар ғана емес, бірнеше жоғары білімі бар, ғылыммен айналысатын жастар да бар.  Олардың жартысына жуығы отбасылы, балалары барлар. Бұл жұмысшы мамандығын таңдаған жастардың өмірінің тұрақтылығының көрінісі.  Байқауға қатысушылардың орташа жасы 26 жас.  Олардың біразы қысқа уақыт аралығында бірнеше мәрте біліктілігін арттырып, қызметте мансабы өскен.

    Мұның бәрі бүгінде жұмысшы мамандығының тек абыройлы ғана емес, сондай-ақ жайлы екендігінің белгісі.

    Құжаттар тізімі электронды түрде best.worker.kaz@gmail.com поштасына жіберілді.


    Байқау ережесі

    Байқау комиссиясы отырысының қорытынды хаттамасы