
Bookdating
«Bookdating» - кітапсүйер қауымның зияткерлік алаңы. Ол түрлі тақырыптар мен бағыттардағы кітаптарды талқылайтын тиімді, заманауи, ілгерішіл платформаға айналды.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
«Bookdating» - кітапсүйер қауымның зияткерлік алаңы. Ол түрлі тақырыптар мен бағыттардағы кітаптарды талқылайтын тиімді, заманауи, ілгерішіл платформаға айналды. Жоба ел тұрғындарын білімдерін жетілдіруге және кітап оқуға үгіттеуді көздейді. Жобаның мақсаты – қалалардағы білімді қоғам топтарын шоғырландыру, отандық жазушыларды қолдау, оқырмандарғат міндетті түрде оқу үшін кітаптың өзің ұсынған нұсқасын жасау, кітапсүйер жандарға арналған бірегей алаң құру.
Жоба аясында оқыған кітаптары төңірегінде әңгіме жүргізу, пікір алмасу, өмірлік маңызы жоғары кітаптарды оқуға ұсыну үшін оқырмандардың кездесуі ұйымдастырылмақшы. Жобаның авторы әрі идея беруші танымал шоумэн, актер, Қозғалыс белсендісі Әнуар Нүрпеисов.
Кітапсүйер қауым оқыған кітаптары жайында ой бөлісу үшін айына екі рет жиналады. Ойдағыдай қарқын алуы үшін кездесуге танымал медиа тұлғалар мен белгілі бір салалардан тәлімгерлер шақырылатын болады. Олар қатысушыларға өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, әңгімелейді.
2015 жылдың 10 наурызында алғашқы кездесу өтті. Жобаның алғашқы таныстырылымында әңгіме тарқатқандар - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, атақты тележүргізуші, «ЭКСПО 2017» ҰАК АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының Кеңес төрағасы Данат Жұмин.
Шара екі бөліктен тұрды. Бірінші бөлімінде дүниетанымы мен көзқарасына үлкен әсер еткен 3 сүйікті кітабымен таныстыру үшін әр қонаққа 15 минут уақыттан берілді. Ал екінші бөлімінде жиналғандар он оннан топтарға бөлінді. Мұнда әр қатысушы өз тобына 3 минуттың ішінде өзінің сүйікті кітабын таныстырды. Соңында кітапты бірінші болып ым-ишара жасаған адам алады. Осылайша, әр адам кездесуден көңіліне ұнаған кітапты ала қайтады. Шараның міндетті шарты – оған келген адам өз кітабын қоса ала келуі қажет.
«Адам болмысының қалыптасуына екі нәрсе ықпал етеді, ең алдымен оқитын дүниең, екіншіден араласатын ортаң»,-деген болатын, жастарға айтқан бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Біз мемлекет басшысының бұл дана сөзімен толықтай келісеміз. Ой-санамызға оң ықпал етіп, жан-дүниемізді байытып, биік тұлғалық қасиеттерді қалыптастыратын құрал – кітап екені хақ. Кітап бізді «сана мәдениетіне», тереңірек ойлауға, ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдап, ретке келтіріп, ойыңды жинақы етуге үйретеді. Осыған байланысты, аталмыш жоба арқылы ұмыт қалған кітапқұмарлар клубын жаңа заманауи үлгіде, республика көлемінде жаңғыртуды жөн көрдік. Сондықтан біздің белсенді мүшеміз Әнуар Нүрпеисовтің бұл ұсынысын қуана қолдай кеттік.