Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жобалар

    Барлығы Аяқталған Ағымдағы
    алдынгы жоба
    келесi жоба
    Қазақстанда жасалған - "Made in Kazakhstan" акциясы

    Қазақстанда жасалған - "Made in Kazakhstan" акциясы

    Акция азаматтарды қазақстандық өнімдерді сатып алуға үндеу арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді көздейді. 

    Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
    Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387

    2015 жылғы 11 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырған болатын. Онда Елбасы «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынған еді.  Акция барысында барлық сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдер ерекше көрсетіліп қойылады. Бұл отандық өндірушілердің тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға өте қолайлы.  «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп есептейік»,-деген болатын Мемлекет басшысы.

    «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Елбасының бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдап, «Made in Kazakhstan» республикалық акциясын бастады. Қозғалыс Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктерімен бірлесе отыра азаматтарды қазақстандық өнімдерді сатып алуға үндеу арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді көздейтін республикалық акцияға сауда желілерін тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.

    2015 жылғы наурыз айының басында Қозғалыс «Қазақстанда жасалған» акциясының тиімділігі мен жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізуді бастаған болатын. Атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша есеппен төменде таныса аласыздар. 

    1. 2015 жылдың ақпан-наурыз айларында "Қазақстанда жасалған" акциясын мониторингілеу бойынша қысқаша есеп




    2. Fasebook әлеуметтік желісін қолданушылар арасында жүргізілген сауалнама