#Жақсылық жаса
"Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы ЖақсылықЖаса жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – дағдарыс тұсында мұқтаж жандарға көмек беруді көздейтін жергілікті азаматтық бастамаларды жариялау арқылы әлеуметтік оптимизимді арттыру, өңірлердегі азаматтардың қайырымдылық пен әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы әлеуметтік маңызды бастамаларын үлгі ете отыра ел тұрғындарын осы іспеттес игі істерге бастау, жақсы өмірге деген сенім отын жағу.
Жақсылық жаса жобасы аясында, 16 өңірде жасалған 32 игі істерге арналған тақырыптық посттарды Қозғалыс өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында кезегімен жариялауда. Сонымен қатар, әлеуметтік бейнероликтер мен қайырымдылық тақырыбына сюжеттер түсіріліп, көрсетілетін болады.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
Әділ Ермек – Алматы қаласындағы Жәутіков атындағы РФММ-нің 11 сынып оқушысы. Мектеп бітіру кешіне деген ақшасын қайырымдылық мақсатта жаратып, көңілі жабырқау жандардың ризашылығына бөленді. Оның бұл бастамасы сыныптастары тарапынан да жалғасын тапты.
Бизнесмен Мағауия Мерғалиев жерлестеріне құны 800 млн теңге тұратын балабақша тұрғызып, сыйға тартты.
Азамат Исенов – Павлодар қаласының қарапайым тұрғыны церебриалды сал ауруына шалдыққан балдырғандардың қасынан табылып, үнемі көмек қолын созып келеді.