
Қазақстанда «Онлайн-петиция» институтын енгізу
«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан Республикасында ресми онлайн-петиция механизмін енгізу бастамасымен шығып отыр. Онлайн-петиция– бұл мемлекеттік билік органдарына жазбаша түрде ұжымдық өтініш жолдауға болатын қарапайым әрі тегін электронды құрал.
2016 жылдың 30 маусымында туындаған ұсыныстарды кейіннен белгіленген тәртіп бойынша құзыретті органның қарауына ұсыну үшін ашық талқылау өткізілмекші.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
Біз азаматтардың мемлекеттік органдарға интернет, нақтылап айтсақ, онлайн-петиция арқылы өтініш-арыз беру мүмкіндігін заңдастыруды ұсынып отырмыз. Бұл қоғам мен биліктің өзарақатынасын барынша айқын ететін тағы бір механизм болады деп есептейміз. Аталмыш петициялар төменгі мөлшерде қоғам тарапынан қолдауға ие болса, оны мемлекеттік органдар жариялы түрде қарастыратын болады. Әрбір өтініш бойынша шешім шығарылуы тиіс. Ол, мүмкін, дәйекті бас тарту немесе тиісті мемлекеттік орган жұмысының күн тәртібіне енгізу бола алады.
Бүгінгі таңда, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының Төрағасы Данат Жұминнің идеясына үн қосқан кәсіби заңгерлерден құралған бастамашыл топ онлайн-петиция институтын құру тұжырымдамасының жобасын дайындады.
Топ мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жеке бизнес саласында да жұмыс тәжірибесі бар заңгерлерден құралған. Олар – қазақстандық және халықаралық жетекші заң фирмаларының өкілдері, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен мамандандырылған қауымдастықтардың бас заңгерлері. Заңгерлер тобы жалпы саны 23 адамнан тұрады. Оған дарынды әрі тәжірибелі заңгер, өз ісінің нағыз шебері Ерсайын Оспанов жетекшілік етуде. Аталмыш топ онлайн-петиция мәселесіне қатысты әлемдік тәжірибе мен отандық заңнаманы зерделеумен айналысуда.
Ниет білдірген кез келген адам ашық талқылауға қатысып, өз көзқарасын білдіре алады. Онлайн-петитция механизмін енгізу туралы өз ұсыныстарын айтып, пікір білдіруге толық мүмкіндік беріліп отыр.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОНЛАЙН-ПЕТИЦИЯ ИНСТИТУТЫН ҚҰРУ МЕН БАСТАПҚЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ:
https://docs.google.com/document/d/18iLFXofsOXc9BxgJRX4cmpLbTVAu225bCfHkmJpbMHg/edit?usp=sharing
Сіз де келіңіз! Ең бастысы, бейжайлық танытпаңыз!
Ашық талқылауға онлайн-тіркелу
