Fryday HUB by Movement 2050
Fryday HUB by Movement 2050 – бұл іскерлік байланыстардың ауқымды желісі. Қозғалыс жобалары аясындағы нетворкинг белсенді әрі пікірлес жандар қатарын үнемі арттырып отыруға ықпал етеді. Fryday HUB – жаңа серіктестер тауып, келісімдер жасап, таныстық орнатуға өте қолайлы ашық алаң.
Fryday HUB by Movement 2050 - іскерлік байланыстардың ауқымды желісі. Бүгінгі таңда Қазақстанның бизнес саласында нетворкинг күннен-күнге танымал құралға айналуда, тіпті, көптеген табысты адамдар кәсіптің тасын өрге домалату онсыз мүмкін емес деген ойда. Нетворкингтің мәнін «таныстық – тіл табысу тегігі» деген бір ғана сөйлеммен түсіндіруге болады. Басқаша айтар болсақ, бұл – ең күрделі деген бизнес-міндеттерді және басқа да өмірлік мәні зор мәселелерді тез әрі ұтымды шешуге көмектесетін таныстар шеңберін ұлғайту.
2050 Қозғалысының нетворкингі деген не?
Қозғалыс жобалары аясындағы нетворкинг белсенді әрі пікірлес жандар қатарын үнемі арттырып отыруға мүмкіндік береді. Нетворкинг негізінде «алты қол алысу» теориясы жатыр. Оны 1960 жылдары америкалықдарындылар – социолог Стенли Милгрэм мен психолог Джеффри Трэверс ойлап тапқан. Аталмыш теория бойынша кез келген адам ғаламшардың басқа бір тұрғынымен (тіпті ағылшын патшайымымен де) белгілі бір ортақ таныстар саны арқылы, яғни орташа алғанда бес-алты адамнан тұратын өзінше бір тізбек арқылы таныс. Fryday HUB – жаңа серіктестер тауып, келісімдер жасап, таныстық орнатуға өте қолайлы ашық алаң.
«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «Fryday Astana» іскерлік қоғамдастығымен бірлесе, Қазақстанның тоғыз ірі қаласында бір реттік нетворкинг шараларын өткізуді көздеп отыр. Өңірлердегі бірінші нетворкинг шарасынан кейін сол өңірде ай сайын Fryday кездесулер ұйымдастырып отыратын арнайы өкіл анықталады.
Қазақстан 2050 қозғалысының қатысушыларына нетворкинг мәдениетін таныстыру аясында бір реттік шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Fryday HUB by Movement 2050 шараларының пайдасы қандай?
Біріншіден, бұл – жаңа таныстар, жаңа қарым-қатынастар, жаңа қызықты тұлғалар. Сан түрлі мамандық пен бизнес бағыттарының өкілдерімен танысып, араласу мүмкіндігі.
Екіншіден, бұл – өз ісіңізді, осы ретте де түрлі салада жүрген көптеген адамдарға таныстыру мүмкіндігі, яғни бизнесіңнің алға басуына жағдай жасау.
Үшіншіден, бұл – бұрыннан таныс бейнелермен қайта қауышу мүмкіндігі. Бәлкім сіз олармен алдыңғы шараларда танысқан боларсыз, тіпті, олардың кейбіреуімен достасып, ал кейбіреуімен тығыз іскерлік қатынас орнатып үлгерген де шығарсыз.
Төртіншіден, бұл – үй мен жұмыстан әрі аспайтын күнделікті күйбең тірліктен ауытқып, сергіп қалу мүмкіндігі.
Бесіншіден, бұл – жақсы да жайлы демалыс орнына немесе мейрамханаға келіп, дәм татып, ән тыңдап, би билеп, әңгіме-дүкен құрып, көңіл көтеру мүмкіндігі.