Іздеу
қаз рус
Басты
Біз туралы
Жобалар
Жаңалықтар
Қозғалыс мүшесі болу
Кері байланыс

    Жобалар

    Барлығы Аяқталған Ағымдағы
    алдынгы жоба
    келесi жоба
    Біздің біліміміз – біздің елімізге

    Біздің біліміміз – біздің елімізге

    "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысы   Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығымен бірлесе «Біздің біліміміз – біздің елімізге» білім акциясын бастады. Бұл - қайта жаңғырып, біріктірілген «Зияткер Ұрпақ» және «Болашақ дәрістері» жобаларының негізінде іске асырылатын акция.
    Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
    Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387

    Мақсаты: «Болашақ сабақтары» және «Зияткер ұрпақ» жобаларын бір арнаға тоғыстыра отыра, қала мен ауыл мектептерінде, ЖОО-да «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен Қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ ниет білдірген кез келген адам шеберлік сабақтары мен дәрістерін өткізу арқылы, жинақтаған жеке тәжірибелерін өскелең ұрпаққа үлгі етіп, білік-білімімен бөлісуіне жағдай туғызу.

    Акцияның сипаты: 2016 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың мамырына дейін «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы мүшелері мен «Болашақ» бағдарламасы түлектері сапындағы табысты жандардың қатысуымен, еліміздегі қала мен ауыл мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына, ЖОО-ның студенттеріне арнап тақырыптық ашық сабақтар мен дәрістер өткізу.

    Сабақтар мен дәрістер оқу кестесі шеңберінде, ашық сабақ түрінде, дәріскерлердің іс-тәжірибелеріне сәйкес пәндер бойынша орыс және қазақ тілдерінде өтеді. Сабақтардың ұзақтығы бір академиялық сағат болады.

    Ақпараттық қолдау: Акцияның басталуы және қорытындысы туралы ресми баспасөз мәслихатын өткізу, ұйымдастырушылардың ресми сайттарында материалдар жариялау, акция жайында сюжет пен мақалалар дайындап, оны баспасөз басылымдары мен ақпараттық порталдарда жариялау.   

    Серіктестер: ҚР БҒМ, ҚР ЖОО менколледждері.

    Өтетін мерзімі: 2016 жылдың қыркүйегі мен 2017 жылдың мамыры аралығы.

    Форматы: Қала мен ауыл мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына, ЖОО-ның студенттеріне арнап «Болашақ» қауымдастығының және «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының табысты мүшелері өткізетін тақырыптық ашық сабақтар ұйымдастыру.   

    Мектептің басшылығы мен оқушылары алдын ала бір апта бұрын өтетін сабақ немесе дәріс, оны өткізетін адам және тақырыбы туралы хабардар етіледі, сондай-ақ білім беру мекемесінің ресми парақшасында хабарландыру жасалады.  

    Дәрістің академиялық бөлімі басшылықтың келісімімен белгіленген пәннің тақырыптық қажеттілігі бойынша өтеді. Сабақ/дәріс қалыптасқан бағдарлама бойынша өткізіледі.

    Дәріс кезінде оқу орны басшылығының өкілі модератор ретінде қатысады, кейбір кездері, жетелеуші мән үстей отыра шақырылған дәріскермен бірге өткізеді.

    Сабақ/дәріс соңында топтаса фотосуретке  түсіп, оқушылар арасында сауалнама жүргізу арқылы кері байланыс жинақталады.